9-билет. Қазан төңкерісі және Қазақстан; Қоғамдық саяси және рухани өміріндегі өзгерістер. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті.Еңбекшілердің жағдайы нашарлап Жетісу мен Сырдария облыстарының аудандарын аштық жайлады. 1917 ж қыркүйек қазан айларында Петропавл, Орал, Орынбор-Ташкент теміржолының бірқатар бекеттерінің жұмысшылары ереуілге шықты. Осындай наразылықтар көбейе берді ал Уақыша үкімет болса халықтың жағдайын қанағаттандыратын ештеңе жасамады. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.1917ж 24 қазанда Петроградта Уақытша үкіметке қарсы В.И. Ленин бастаған большевиктер қарулы көтеріліс ұйымдастырды. 25 қазандатаң алдында Кеңестерді жақтаушылар қаланың негізгі нысандарын вокзалдарды, электрстанцияларды, телефон станцияларын, үкімет мекемелерін банктерді басып алды. Уақытша үкімет құлатылып оның мүшелері тұтқындалды. Ресейдегі мемлекеттік билік Кеңес Үкіметінің қолына өтті. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 қарашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетісу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады. 1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд "Түркістан автономиясын" "Түркистон мухтарияты" (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы ақпанда большевиктер қуып таратты. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы өлкедегі түрлі жағдайлардың себебінен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орнаған болды.