1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз



бет100/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

105. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз:
Қазақ халқының дәстүрлерінің рухани тамырлары, ішкі негіздері сақ, ғұн, түркі мәдениетінде жатқандығын қазіргі таңда зерттеушілеріміз ғылыми тұрғыда дәлелдеп, тұжырымдай түсуде. Өткенді зерделемей бүгінгіні жүзеге асыру, алға қадам басуымыз мүмкін емес екендігі белгілі. «Іздену, ұғыну, өткенге құрметпен қарау - бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатар қосылуы» ,- дейді көрнекті философ А.Х. Қасымжанов. Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі басталды. Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім- болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек - YII-IX ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілі түркі жазба тілінің бізге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт- бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді. Көне жазба мұралар тілінің лексикалық құрамы, фонетикалық жүйесі мен морфологиялық, синтаксистік құрылымы, стильдік ерекшелігі қазіргі түркі тілдерінен де көрініс тауып отыруы тек табиғи-генеалогиялық сабақтастықты ғана көрсетіп қоймайды, жалпытүркілік рухтың, тілдік сананың беріктігіне де дәлел бола алады. Түркі халықтарының ұлттық-мәдени болмысын, тарихи-әлеуметтік сипатын танытуға қызмет ететін жалпытүркілік танымды жаңғыртып, түркі жұртшылығы арасындағы рухани үйлесімділік пен тарихи тұтастықты сақтауға жол ашады. Бұл көне түркі жазба мұраларын зерттеудің тек түркілік тілтану ғылымында ғана емес жалпы түркі әлемі аясындағы өзекті мәселе екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет