1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы аштық пен ашаршылықтың демографиялық үрдіске тигізген әсерін салыстыра талдаңыз



бет33/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

31. ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы аштық пен ашаршылықтың демографиялық үрдіске тигізген әсерін салыстыра талдаңыз.
Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады. Қазақ халық шаруашылығы есеп (Казнархозучет) басқармасы М. Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп, ал қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263,3 мың адам) аштық, індет, жер аудару құрбандары көрсетілмейді. Голощекиндік аштық босқындары Жұтаған аймағын тастап кету де барлық уақытта бірдей қолдан келмеді. Жылқысы, түйесі жоқ, жаяу қалған көшпеліге бірнеше жүз, тіпті мыңдаған шақырымдық орасан зор қашықтықты еңсеру қиынға түсті. Малсыз қалған шаруа шаруашылығына кең-байтақ дала енді асыраушы емес, ажал торына айналды. Мұқтаждық қуған адамдар тобы бір ғана мақсатпен — тірі қалу үшін қалаларды, кенттерді, станицаларды, теміржол станцияларын кезіп кетті. Олар шоғырланған жерлерде бөртпе сүзегі шықты, адамдар сирек қоныстанған мұндай жерлер үшін бұл бұрын-соңды кездеспеген індет еді. Белпаз ауруға қарсы күресетің иммунитеті болмағандықтан, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметінің әлсіздігінен (көптеген жағдайларда мүлдем болмағандықтан) аштыктан әлсіреген адамдар қазаға ұшырады. Тұрғылықты халық санына көші-қон да қатты шығын әкелді. Халықтың бастапқы жиынтық санының төрттен бірі, яғни 1 030 мың адам республикадан тыс аймақтарға кешіп кетті. Оның 616 мыңы оралмады, ал 414 мыңы кейін Қазақстанға қайтып келді. Мамандардын бағалауы бойынша оралмай кеткен 200 мыңға жуық адам шет елге — Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға және Түркияға жол тартты. Қазақтардың іргелес өңірлерге көшіп барып қоныстануына нақты дәлел болатын деректер 1926 және 1939 жылғы санақтарда келтірілген. Егер 1926 жылғы санақ бойынша көршілес республикаларда қазақ, ұлтының 314 мың өкілі тұрған болса, 1939 жылғы санақ бойынша ол 794 мың адамға жетті, яғни көбею салыстырмалы шекте 453 мың адамды құрады.[9]. 1926 және 1939 жылдар аралығындағы санақ аралық кезеңде мигранттар есебінен қазақтар: РКФСР-да 2,3 есе, Өзбекстанда - 1,7 есе, Түркіменстанда — 6 есе, Тәжікстанда - 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өсті.[10]. Қайтару және оларды шаруашылыққа тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірақ 1938 жылғы «жапон тыңшыларымен» және «ұлтшыл-фашистермен» күрес науқанындағы қуғын-сүргін аласапыранында осы іс-шаралар тежелді. Республика ОК-нің жаңа аппараты «халық жауларының» ісін жалғастыруға тәуекел ете алмады (Л.И. Мирзоян тұтқындалып, атылды). Алайда бұл тарихтың тағы бір зұлмат беттері саналады. Індет пен Аштықтың демографиялық процесті шайқалтуы Аштық және сонымен ілесе келген індет, сондай-ақ көшіп кету өзінің бастапқы кезеңінде-ақ қалыпты демографиялық процесті шайқалтып жіберді. Республиканың тұрғылықты халқының тамыры терең дағдарысты құбылысты еңсере алғанының сыры мынада, оған халық өзінің алғашқы көбею, яғни демографиялық эволюциялық дамудың бірінші сатысында тап болды. Тек соғыстан кейінгі өзінің классикалық нұсқасындағы демографиялық өрлеудің арқасында (шыны 1962 жылға келеді) қазақ этносы орасан зор шығыннан аман қалды. Халықтың бұрынғы саны 40 жылдан кейін, яғни 1969 жылы қалпына келтірілді. Егер демографиялық жарылыс және оның осы кезге дейінгі «өрлеуі» болмағанда, халық санының осы іспеттес ұлттық дағдарысын еңсеру үшін кемінде 100-120 жыл, яғни 2-3 есе көп уақыт керек болар еді. Осыған қарамастан, бұрынғы толқын тәріздес күрделі тарихымызды қайталап, бірақ әр ұрпақтың ауысуы арқылы оны бірте-бірте еңсере отырып, оның салдары әлі ұзақ уақытқа — 150-170 жылға дейін созылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет