1-1. билет. Білімнің жаңартылған мазмұндағы концепциясына сәйкес бастауыш мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттері. Математиканы оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
Математиканы оқыту әдістемесі психологиялық-педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық негіздерін оқып болған соң қарастырылады. Психология, педагогика және математика курстарын оқып- үйрену барысында математиканы оқыту әдістемесі енгізілгенге дейін қажетті дайындықтан өтті. Олар математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс-әрекет тәсілдерін, дидактикалық ұстанымдарды және оқыту мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын заңдылықтарды, бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылыктарын, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістерін игерген болатын. Ал математиканы оқыту әдістемесі мен бастауыш мектептегі басқа да оқу пәндері бойынша дербес-әдістемелік пәндерді оқытып-үйрету барысында тек кіріктірілген құзыреттіліктерді (коммуникативтік, ақпараттық және проблеманы шешу және т.б.) ғана емес, бастауыш мектептегі математиканы оқытуда практикалық құзыреттіліктерді де калыптастыру көзделеді.
Пәнді оқытып-үйретудің нәтижесі сабақ беріп көру және өндірістік практиканы өткізуге, шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі, математикадан көрнекі құралдарды дайындау технологиясы, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің тарихы пәндерін енгізуге база болып табылады.
Оқу пәні ретінде бастауыш математика курсы оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруіне көздейді. Атап айтқанда: натурал сан туралы қарапайым түсінік қалыптастырады; қарапайым есептеулер жүргізудің тәсілін игереді; шамалар мен оларды өлшеудің тәсілдерімен және прктикалық іс әрекет үстінде олардың арасындағы байланыспен, геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері туралы қарапайым түсініктермен байланысты ұғымдарды оқып - үйрену өмірден алынған нақты материялдар мен мысалдар арқылы жүзеге асырылды.
Математиканы оқыту процесiнде балалардың бiлiмi мен бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл-ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекарара жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста боллатыны туралы түсiнiктердi, сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты калыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту – күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізінен қалайды және осыларды игеру процесі – оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен тығыз да берік, және табиғи байланыста жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілетін дамытуға, ақыл-ой, есі және тағы басқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге себін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |