№1 билет Бронхит дегеніміз не ­? Этиологиясы,жіктелуі,клиникасы, диагностикасы


Пиелонефрит дегеніміз не ? Диагностикасы. Емі



бет21/40
Дата24.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#147056
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
ответы терапии-1

2. Пиелонефрит дегеніміз не ? Диагностикасы. Емі.
Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық талшығының қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.
Диагностика
Жалпы қан талдауы: Лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы;
Жаплпы зәр анализі: Зәрдің сілтілі реакция көрсетуі (рН 6,2-6,9), себебі бактериялар өмір сүргендегі әртүрлі заттарды бөлуі, сонымен қатар бүйрек каналшаларының сутегі ионын экскрециялауының бұзылуы нәтижесінде
Нечипоренко бойынша зәр талдауы: Лейкоциттердің мөлшері жоғарылап, эритроциттерден көп болуы;
Зимницкий бойынша зәр талдауы: Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі, түнгі диурездің көбеюі.
Зәрді бактериологиялық зерттеу: 1 мл зәрде 10*5 дәрежелі мөлшерде болуы инфекцияның бар екеніне көрсеткіш.
Пиелонефриттің латтентті (жасырын) кезінде анықтау үшін преднизолон тестін жасайды. Ол үшін -30 мг. Преднизолонды 10 мл 0,9% Натрий хлориді ертіндісімен тамыр ішіне 5 мин. Бойы жіберу керек. Нәтижені 1, 2, 3 сағат бойы бақылайды. Преднизолон тесті келесі жағдайда оң болып саналады егер 1 сағ ішінде жиналған зәрде 400 000 лейкоциттер болса тест оң.
УДЗ: Ультрадыбыс бүйректің өлшемін, паренхимасының эхогенділігін, конкременттер дәрежесін анықтайды. Жедел пиелонефрит кезінде бүйрек тығыздығы төмендеген. Себебі бұл кезде бүйрек тінінде ошақты қабыну процесстері белсенді жүріп жатады. Созылмалы пиелонефритте бүйрек паренхимасының тығыздығы жоғарылаған. Бүйрек қозғалысының төмендеуімен бірге көлемінің үлкеюі -жедел пиелонефриттің УДЗ дегі маңызды көріністерінің бірі.
Экскреторлы урография: жедел пиелонефритте бүйрек зақымдалған жағынан қозғалысының шектелуін байқайды. Ал созылмалы пиелонефритте жоғары зәр шығару жолдарының тонусының төмендеуі, соңғы сатыларында пиелоэктазия көрінеді. Ходсон симптомын анықтайды -бүйрек паренхимасының полюстер жағынан жұқаруы.
Кейбір науқастарда бел омыртқаларының ауырған бүйіріне қарай қисаюы байқалады. Сонымен қатар, ауырған бүйрек жақтағы бұлшықеттердің жиырылып, қысқаруы және ісінуі болады.
Емі
Біріншілік пиелонефриттің емі

  • Қатаң төсектік режим;

  • Диета;

  • Бүйрек тырыспасын кетіретін, ауырсынуды басатын дәрілер тағайындалады;

  • Қабынуға қарсы кең спектрлі антибиотиктер мен сульфаниламидтер және нитрофуранды қосып берген тиімді;

  • Бүйрек қабынуы тоқтамаса, ол іріңді пиелонефритке айналады. Мұндай жағдайда дереу операция жасауға тура келеді.жасалатын операция аурудың ауырлығына байланысты тез және оңай тәсілмен жасалуы тиіс. Операция түрі операция үстінде анықталады.

Екіншілік пиелонефриттің емі

  • Ең алдымен шығатын зәрдің ағымын қалыпқа келтіру;

  • Егер тас шағын көлемде және өздігінен шығып кетуіне үміт болса, несепағарға цистоскопия арқылы төменнен жоғары қарай түтік қойып, оны түбекшеге өткізеді;

  • Түтікті бүрнеше күнге қалдырады;

  • Егер несепағарда тұрып қалған тастың жанынан катетер түбекшеге өте алмаса, алғашқы 3 тәулік ішінде операция жасап, тасты дереу алып тастаған дұрыс;

  • Егер бүйрек қуысындағы немесе зәр жолындағы тас үлкен болса, дереу пиело- немесе уретеролитотомия жасау арқылы тасты алып тастайды;

  • Үрдіс іріңді пиелонефритке асқынған жағдайда бүйректен немесе зәр жолынан тасты алған соң, пиело- немесе нефростома қалдыру керек;

  • Науқастың жағдайы ауыр, интоксикациясы айқын кезде, бүйректі қапшықсыздандырып (декапсуляция), операцияның алғашқы кезеңі ретінде нефростома қойылады;

  • Е
    гер операция үстінде тасты іздеу техникалық қиындықтар туғызса, тасты науқастың жағдайы қалпына келгенде ғана алады.

13 билет





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет