№1 билет Бронхит дегеніміз не ­? Этиологиясы,жіктелуі,клиникасы, диагностикасы


Пиелонефрит дегеніміз не? Этиологиясы.Клиникасы.Жіктелуі



бет19/40
Дата24.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#147056
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
ответы терапии-1

Пиелонефрит дегеніміз не? Этиологиясы.Клиникасы.Жіктелуі.

Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық талшығының қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.


Біріншілік пиелонефрит клиникасы:
Жедел дамитын пиелонефрит кәдімгі жұқпалы ауыр ауру сияқты білінеді де, науқастың бүкіл өне-бойынан, әбден уланып қалған сәтке тән белгілер көрініс береді.

  • Гематогенді пиелонефрит жиі қалтыраумен басталады;

  • Дене қызуы көтеріліп, бірнеше сағаттан кейін күрт түседі;

  • Ағыл-тегіл тер шығып, денесі босаңсиды, әлсірейді;

  • Пульсі мен тынысы жиілейді;

  • Жүрек айну, құсу артып, адинамия пайда болады;

  • Ұйқысы қашады, денесі ауырады, организмнің тез сусыздануына байланысты денесі әлсіреп, бет-әлпеті солып, түрі өзгереді;

  • Алғашқы тәуліктің аяғына қарай бел тұсы қатты ауырып, мазалай бастайды;

  • Үш-төрт күннен кейін дертке ұшыраған бүйрек пальпация кезінде ауырсынып, алақанға қап-қатты болып білінеді;

  • Біртіндеп дене қалтырауы азайып, қызуы төмендейді;

7-9-күнге қарай көңіл-күйі жақсарып, тамаққа тәбеті ашылады.
Біріншілік жедел дамитын сірнелі пиелонефритпен ауырған балаларда, көпшілік жағдайда, осындай клиникалық көріністер байқалады.
Екіншілік пиелонефрит клиникасы:
Екіншілік жедел дамитын пиелонефрит, көбінесе бүйрек шаншуы ұстағаннан кейін, немесе зәрі кенеттен тоқтап қалғанда дамиды. Оның 80% іріңді болады және клиникасы ерте басталады, сондықтан диагноз қою оңай болады.

  • Науқастың денесі қатты қалтырап, қызуы 40°С-қа дейін көтеріледі;

  • Тер моншақтап ағып, денесі әлсізденіп, басы ауырып, төсек тартып жатып қалады;

  • Тілі құрғайды, көзінің ағы сарғыш тартады, бауыры үлкейеді;

  • Зәрдің мөлшері азаяды немесе мүлдем жоғалады, кейде қанмен араласып шығады;

  • Қан құрамында қалдық азот жоғарылайды;

  • Бүйректің ауруы күшейе түседі;

  • Псоас симптомы дамуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет