Гломерулонефрит дегеніміз не? Диагностикасы.Емі.
Гломерулонефрит – бүйректің қандағы қалдықтар мен сұйықтықты сүзуге жауапты бөлігі зақымданатын ауру.
Диагностикасы:
Гломерулонефрит диагнозын анамнез (әдетте пациенттің жақында инфекция жұқтырғаны анықталған) және клиникалық белгілер (ісіну, олигурия, қан қысымының жоғарылауы). Бүйректің жағдайын бағалау үшін ультрадыбыстық және тамырлы доплерография тағайындалады. Диагнозды растау үшін зертханалық зерттеулер жүргізу керек:
Зәр анализі. Гематурияны, несепте ақуыздың, цилиндрлердің болуын, диурездің төмендеуін көрсетеді.
Креатинин клиренсіне талдау. Бүйректің сүзу функциясының сақталуын көрсетеді.
Биохимию қан. Несепнәр мен қалдық азот, АСТ, холестерин, креатинин, АСЛ-О жоғарылайды.
Қанның жалпы талдауы. лейкоциттердің концентрациясы жоғарылайды.
Сирек жағдайларда дәл диагноз қою үшін бүйрек биопсиясын жүргізу керек. Гломерулонефрит биоматериалдағы морфологиялық өзгерістерді көрсетеді. Аурудың себептерін іздеу маңызды орын алады. Дәрігер емдеуді дұрыс жүргізу және аурудың созылмалы түріне ауысудың алдын алу үшін инфекциялық және аутоиммундық факторларды нақты ажыратуы керек.
Диагнозды нақты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызады. Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстайды (2-4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады.
Диетотерапия
Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді. Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз емдәм үсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 г тәулігіне).
Этиологиялық ем
Инфекциядан кейін дамыса, антибактериялық емді қолданады. Қолданатын антибактериялдық дәрмектер бүйрскке уытты әсер етпеуі тиіс. Көбіне қолданылатын — пенициллин 500 000 Б 4 сағат сайын 10-14 күн немесе эритромицин. Тонзиллоэктомия жасау үшін оның көрсеткіштері айқын болуы тиіс. Егер тонзиллоэктомияны жасау қажет болса, оны жіті гломерулонефриттің басталуынан 12 ай өткен соң жасауға болады.
Патогенездік ем
Стероидтық гормондар. Егер антикоагулянтгық және антиагреғанттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жіті гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін колданады. Стероидтарды бұдан ерте қолдану жіті гломерулонефриттің морфологиялық барысын нашарлатады.
Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап, гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн.
Антикоагулянттық және антиагреғанттық ем
Шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның болуы, фильтрацияның төмендеуі гепарин мен антиагреганттарды қолдануды қажет етеді.
Гепарин — әсері тез антикоагулянт, қан ұюының барлық фазаларын тежейді, фибринолизді арттырады.
Курантил — тромбоциттерде АМФ мөлшерін арттырып, олардың адгезиясы мен агрегациясын тежейді. Гломерулонефриттің емінде курантилді үлкен дозада және ұзақ қолданады, шамамен тәулігіне 225-400 мг.
Ацетилсалицил қышқылы. Аспирин, простагландин-синтетазаның ингибиторы болғандықтан, тромбоциттердің агрегациясын және адгезиясын тежейді.
Трентал — фосфадиэстеразаны тежеу арқылы тромбоциттерде цАМФ-тың жиналуына септігін тигізеді, сондықтан антиагреғанттық әсер етеді. Қолданылатын дозасы — 0,2-0,3 г/тәул.
Ісіну синдромын емдеу. Сұйықтық пен ас тұзын шектеудің өзі, шамамен 14 күннен кейін ісінуді қайтарады. Ісінудің ауыр түрінде, әсіресе ол артериялық гипертониямен қосарланса, диуретиктерді ішкізеді (гипотиазид 50-100 мг немесе фуросемид 40-60-80 мг тәулігіне). Ұзаққа созылған олигурияда фурасемидтің дозасын 240-480 мг/тәул дейін жеткізеді. Ісіну болғанда судың тежелу теңдігі күнбе-күн қадағаланады (ішкен және шығарған судың мөлшерін өлшеу арқылы).
Достарыңызбен бөлісу: |