Пиелонефрит дегеніміз не? Этиологиясы.Клиникасы.Жіктелуі.
Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық талшығының қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.
Біріншілік пиелонефрит клиникасы: Жедел дамитын пиелонефрит кәдімгі жұқпалы ауыр ауру сияқты білінеді де, науқастың бүкіл өне-бойынан, әбден уланып қалған сәтке тән белгілер көрініс береді.
Гематогенді пиелонефрит жиі қалтыраумен басталады;
Дене қызуы көтеріліп, бірнеше сағаттан кейін күрт түседі;
Ағыл-тегіл тер шығып, денесі босаңсиды, әлсірейді;
Пульсі мен тынысы жиілейді;
Жүрек айну, құсу артып, адинамия пайда болады;
Ұйқысы қашады, денесі ауырады, организмнің тез сусыздануына байланысты денесі әлсіреп, бет-әлпеті солып, түрі өзгереді;
Алғашқы тәуліктің аяғына қарай бел тұсы қатты ауырып, мазалай бастайды;
Үш-төрт күннен кейін дертке ұшыраған бүйрек пальпация кезінде ауырсынып, алақанға қап-қатты болып білінеді;
Біртіндеп дене қалтырауы азайып, қызуы төмендейді;
7-9-күнге қарай көңіл-күйі жақсарып, тамаққа тәбеті ашылады.
Біріншілік жедел дамитын сірнелі пиелонефритпен ауырған балаларда, көпшілік жағдайда, осындай клиникалық көріністер байқалады.
Екіншілік пиелонефрит клиникасы: Екіншілік жедел дамитын пиелонефрит, көбінесе бүйрек шаншуы ұстағаннан кейін, немесе зәрі кенеттен тоқтап қалғанда дамиды. Оның 80% іріңді болады және клиникасы ерте басталады, сондықтан диагноз қою оңай болады.
Науқастың денесі қатты қалтырап, қызуы 40°С-қа дейін көтеріледі;
Тер моншақтап ағып, денесі әлсізденіп, басы ауырып, төсек тартып жатып қалады;
Тілі құрғайды, көзінің ағы сарғыш тартады, бауыры үлкейеді;
Зәрдің мөлшері азаяды немесе мүлдем жоғалады, кейде қанмен араласып шығады;