2. Бөлмеге қойылатын талаптар.
Бөлмелердің орналасуына қойылатын жалпы талаптар
- Қоршаған орта бастапқы заттардың, материалдардың немесе дайын өнімнің контаминациясына минималды әсер ететіндей орналасу керек.
- Жарықтандыру, температура, ылғалдылық және желдетуге сәйкес болуы керек, сонымен қатар өндіру және сақтау барысында дәрілік өнімдерге де, жабдықтардың, дәлдігіне де қолайсыздық тудырмауы керек.
- Өндіріс, сақтау және сапаны бақылау аумақтары өндірісте қызмет істемейтін бөгде адамдарға өткізгіш бөлме ретінде болмауы керек.
№17 билет
1. Ылғалды ыстық ауамен стерильдеу
Ылғалды ыстық ауамен стерильдеу тәсілдері. Қайнату арқылы шприц, ине, пинцет, скальпель, т.б. инструменттер мен кейбір резеңке және шыныдан жасалған заттарды арнайы стерилизаторларға салып, стерильдейді. Стерилизатордың екі қабатталған дәкесі бар торшасының бетіне саймандарды салып, қажетті мөлшерде 2%-дық натрий гидрокарбонаты қосылған су құйып, 20-30 минут қайнатады.
Ыстық ағымды бумен стерильдеуді Кох аппаратында 100 С температурада 30-40 минут жүргізеді. Оның қақпағының үстінде тесіктері бар (термометрге және будың шығуына арналған) цилиндр тәрізді, бір қабаттан тұратын темір ыдыс. Ыдыстың ішінде тесіктері бар, стерильденетін заттарды қоюға арналған қойғыштары болады. Стерильдену уақытын су қайнағаннан бастап есептейді. Стерильдеу жұмыстарын үш күн жүргізеді. Себебі, біріншісінде микроорганизмдердің вегетативті формалары ғана өледі. Бациллалардың споралары стерильдеу аралықтарында вегетативті формаға айналып, үшінші күні толық жойылады. Бұл тәсілмен қоректік орталарды, т.б. материалдарды стерильдейді.
2. АСептика деген не?
Асептика — микробиология, вирусология, медицина саласындағы және өндірістік жұмыстары кезіндегі сақтық шаралардың жинағы. Адам және жануарларды зақымдайтын бөтен микроорганизмдердің жұғуына немесе қоректік орталардың, материалдың және құрал-саймандардың ластануына қарсы бағытталған әдіс. Асептикаға: тазалау, зарарсыздандыру, антисептика, дезинфекция, дезинсекция, лас ауа кірместей жабу (герметизация), оңашалау (изоляция) кіреді.
№18 билет
Достарыңызбен бөлісу: |