1 билет Дисперсті жүйелер мен сулы ерітінділер


Эмульсияның дисперстілігі



бет5/23
Дата25.04.2023
өлшемі264,13 Kb.
#175338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ФАРМ ответы

1. Эмульсияның дисперстілігі.
Эмульсия (лат. emulgere – сауу және франц. emulsіon – сүт), медицинада – сұйық түріндегі дәрілік қалыптар. Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т.б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін шығармайды. Эмульсиялар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 – 4 күн ішінде пайдалану керек. Эмульсиялар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: “Ішердің алдында шайқаңыз” және “Салқын жерде сақтаңыз” деген ескерту жазылады.
Эмульсиялардағы дисиерсті фазаны құрайтын шар тәрізді бөл-шектердің өлшемі әр түрлі болады: кәдімгі көзге көрінетін бөлшек-тен бастап коллоидтық дәрежедегі дисперстілікке дейін эмульсия-дағы дисперстік фазаның бөлшектері көбінесе 0,1 —10,0 мкм ара-лығында болады. Сондықтан да оларды кәдімгі жай опгакалық микроскоп арқылы байқауға болады. Эмульсиялар да суспензия-лар тәрізді табиғат пен өндірісте кең таралған. Мысалы, сүт, жұ-мыртқаның сары уызы, қүрамында дисперстелген суы бар мұнай, каучук өсімдіктерінің шырыны, салқын күйдегі металды өңдеуге қолданатын техникалық эмульсиялар және басқалар.
Дисперстік ортанын ролін су атқарып, дисперстік фаза ретінде — майлар, минералды майлар, бензол, толуол және басқалар қолдапылатын эмульсиялар жиі кездеседі. Суда ерімейтін сұйық-тардың бәрін “май” деп атап, оларды М әрпімен, ал суды В әрпі-мен таңбалайды. Дисперстік фазаның аталуын бөлшектің алымы-на, ал дисперстік ортаны бөлшіне жазады.
2. Пасталар
Пасталар-Pastae
(Паста- Nom.sing.Pasta; Gen.sing.Pastae)
Пасталар – құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар жағылмалардың бір түрі. Пасталар қою және тұтқыр болып келеді, жағылмаларға қарағанда тері бетінде ұзақ сақталынады. Егер құрамында ұнтақ тәрізді заттың мөлшері 25%-тен кем болса, онда индиферентті ұнтақтар, яғни толықтырғыштар мырыш оксиді (Zinci oxydum), крахмал (Amylum), тальк (Talcum) қосылады.
Пасталар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр. Сондықтан олардың жалпы мөлшері жазылады. Магистральды пасталар барлық ингредиенттері мен мөлшері көрсетіліп, жазылымның толық түрінде жазылады. Рецепт M.f.pasta (Misce ut fiat pasta. – Паста түзілгенше араластыр) сөзімен аяқталып, сигнатурасы көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
Құрамында 20% йодоформ (Iodoformium) бар вазелин (Vaselinum) пастасының 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жағу үшін белгілеңіз.
Rp.: lodoformii 10,0
Amyli
Zinci oxydi āā 5,0
Vaselini ad 50,0
M.f.pasta
D.S.Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.
Кейбір пасталар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Бұл пасталар рецепте қысқартылған түрінде жазылады.
Рецепт үлгісі
Официнальды цинк-салицил пастасының (Pasta Zinci-salicylata) 25,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін белгілеңіз.
Rp.: Pastae Zinci-salicylatae 25,0
D.S.Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.
7 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет