1 билет Дисперсті жүйелер мен сулы ерітінділер


Эмульсия. Эмульсиялардың негізгі сипаттамалары



бет4/23
Дата25.04.2023
өлшемі264,13 Kb.
#175338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ФАРМ ответы

1. Эмульсия. Эмульсиялардың негізгі сипаттамалары.
Эмульсиялар деп бір-бірінде аз еритін немесе мүлде ерімейтін екі сұйық фазадан тұратын дисперсті жүйелерді атайды. Эмульсиялар да, суспензиялар тәрiздi iрi дисперсті жүйелер; олардагы белшектердің өлшемі 1 мкм-ден 50 мкм-ге дейін болады, алайда дисперстілігі бұдан әлдеқайда жоғары жүйлер де дайындауға болады.
Іс жүзінде маңызды және кең қолданыс тапқан эмульсияларға бір фазасы су, ал екiншiсi - май болатын эмульсиялар жатады. Май деген атау шартты түрде, бұл фаза ретінде органикалық еріткіштер, минералды майлар және баска да полюссіз еріткіштер жатады. Мұндай жүйелер екі түрлі эмульсия түзе алады: судагы май (м/с) бұл тура эмульсиялар және майдағы су (с/м) - керi эмульсиялар.
Эмульсияларды дайындауда беттiк белсендi заттардың эмульгаторлардың рөлі ерекше. Олар табиғатына байланысты ионогенді, ионогендi емес және амфотерлi болып белінеді.
Эмульсияларды сақтау. Дұрыс дайындалған эмульсиялар бірнеше күн бойы тұрақтылығын сақтайды. Екі фазаның бөліне бастауын эмульсияны шайқау арқылы кетіруге болады. Температураны көтеру және күрт төмендету ЭМУЛЬСИЯНЫҢ бөлінуін тездетедi. Сондықтан барлық эмульсиялардың сыртында міндетті түрде мынадай жазу болуы керек:
«Пайдаланбас бұрын шайқау керек» және «Салкын жерде сактау керек».
Эмульсиялар микроорганизмдердiн дамуына жағдай жасайтындықтан, оларды ерекше таза жағдайда дайындау керек.
Эмульсиялардын касиеттері және оларды тұрақтандыру шарттары жүйеде дисперсті фазанын концентрациясымен анықталады. Сұйылтылған эмульсиялар бар (фазаның мөлшері 0.1 көл. аз % ), концентрацияланған (фазаның құрамы <74 кел.% ) және жоғары концентрацияланған (>74 көл.%). Концентрацияланған эмульсияларды шағын коспалар жүйесіне эмульгаторлар деп аталатын арнайы заттарды енгiзбестен алуға болмайды.
Эмульгаторлардың тұрақтандырушы әсер ету механизмi олардын химиялық табиғаты бойынша анықталады және әртүрлі эмульсиялар үшін ерекшеленеді.
2. Линименттер.
Линимент (лат. linimentum) – сұйық жағылмалар - өзінің атауын латынша "linire" - ысқылау деген мағынаны білдіреді, яғни теріге ысқылау үшін қолданылады, сирек жағдайда тампон және таңу түрінде кездеседі.
Оларды даярлау үшін негіз ретінде жиі өсімдік (күнбағыс, бадам, шабдалы, майсана) майларын, тазартылған терпентин майын, вазелин майын, димексид, метилсалицилат, хлороформ, эсилон және т. б. қолданылады.
Линименттерге дәрілік заттарды жағылмадағы принцип бойынша енгізеді, сәйкесінше гомогенді, суспензиялы, эмульсионды және комбинирленген линименттер алады.
Гомогенді препараттар бір бірінде еритін компоненттерден тұратын сұйық қоспалар, бұларды ұшпайтын еріткіштердегі сусыз ерітінділерге жатқызуға болады.
Линименттерді түрліше мақсатпен қолданылады. Майлы линименттерді көбінесе күйікке, тері бүтіндігін бұзатын қабыну процестеріне, бір жердегі ауруға т.б. қарсы; сабынды линименттерді – паразиттерден пайда болатын ауруларға (қотырға) қарсы; вазолинименттерді – дәрілік заттың теріге және шелге терең сіңуін көздеп, жұмсарту және қабынуды қайтару мақсатымен қолданады.
6 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет