13. Гомогенді және гетерогенді реакциялардағы процестердің өтуіне әсер ететін факторлар. Химиялық реакциялар әрекеттесуші заттардың түріне қарай гомогенді және гетерогенді болып екіге бөлінеді. Гомогенді реакциялар жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына, қойыртпалылығына, температураға, қысымға, катализатор қатысына, ал гетерогенді реакциялардың жылдамдығы бұл айтылғандардан басқа фазаның жүктелген жеке бөліктерінің күйіне, жылу және масса алмасу жағдайларына, т.б. тәуелді.
Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар:
14. Химия-технологиялық жүйені модельдеу. Зертханалық экспериментте өнеркəсіптің масштабты көлеміне ауысу кезінде өндірісті жобалау үшін модельдеу əдісі қолданылады. Модельдеу – жаңадан жасалынған нысаналар мен үдерістердің сипаттамаларын анықтау жəне нақтылау мақсатында табиғаты əртүрлі нысандарды олардың аналогтарында зерттеу əдісі. Модельдеу: модельді жасау, зерттеу, модельді зерттеу нəтижелерін түпнұсқадан масштабты түрде ауыстыру сияқты сатылардан тұрады. Химиялық өндірістегі түпнұсқа – көптеген элементтердің өзара байланысқан өндірістік химиялық-технологиялық үдеріс болып табылады. Бұл байланыстар ХТЖ əртүрлі деңгейінде жүзеге асырылады, сондықтан ХТЖ үшін модель жүйенің əрбір деңгейінен біртіндеп құрастырылады. Химиялық-технологиялық үдерістерді модельдеу əдісі үш топқа бөлінеді:
Эмпирикалық модельдеу – зертханалық эксперимент нәтижелерін ірі лабораториялық, соңынан зауыт жағдайында жүретін химиялық-технологиялық процестерге дейін өңдеу арқылы өндірістің дамуы.
Физикалық модельдеу – ұқсастық принципін қолдануға негізделген.
Математикалық модельдеу – тиімді әдіс. Математикалық модельдеу кезінде физикалық заттық нысананың орнына, математикалық шамалар мен функционалдық тәуелділік қолданылады.