2.Химияны оқыту әдістемесі курсының мазмұны мен құрылымы.
Химияны оқыту әдістемесі - мектептегі химия курсының мазмұны мен оны оқушылардың меңгеру заңдылығын зерттейтін педагогикалық ілім. Химияны оқыту әдістемесінің мәні химияны оқыту процесінің заңдылықтарын анықтауда жатыр. Бұл процестің негізгі құраушылары: оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формасы мен құралдары, оқытушы мен оқушы әрекеті. Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны – осы пәнді оқыту әрекеті.
Қазіргі уақытта мектептегі химиялық білім келесі негізгі теориялық тұжырымдамаларды зерттеуге негізделген:
1. атомдық-молекулалық ілім,
2. электролиттік диссоциация теориясы,
3. химиялық реакциялардың механизмі мен шарттары,
4. периодтық заң және Д. И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі,
5. А. М. Бутлеровтың органикалық қосылыстар құрылысының теориясы
Химияны оқыту әдістемесі орта мектепте, гимназия, лицейлер мен колледждерде химияның мақсаты мен міндеттерін анықтап, химия курсының мазмұнын таңдайды. Химия курсының мазмұны бағдарлама, оқулық, оқу құралдарында баяндалады.
Мектеп курсының мазмұны оқушыларға ғылым негіздерімен, заңдармен, теориялармен, тұжырымдамалармен таныстыруды қамтиды, бұл оқушыларда әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыруға, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға, пәнге деген қызығушылықты тәрбиелеуге ықпал етеді және оқушылардың интеллектуалды дамуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |