1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Химия бойынша практикалық жұмыстар, олардың түрлері НЕ НАШЛИ



бет45/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

2. Химия бойынша практикалық жұмыстар, олардың түрлері НЕ НАШЛИ
3. Химияны оқытудағы проблемалық технологиялар. НЕ НАШЛИ

17 БИЛЕТ


1.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы. Күнтізбелік - тақырыптық жоспар мақсаттары.
Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындалу
Оқу жұмысының табысты болуы мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ жоспарлау кезінде мұғалімге көп еңбектенуге тура келеді, әрбір жеке сабақтың сол сыныптағы жалпы сабақтар жүйесіндегі білімін анықтап, басқа пәндермен байланысын ашады. Күнделікті сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде жасалады. Тақырыптық жоспар пәндік бағдарлама талаптарына сәйкес түзіледі.Күнделікті сабаққа даярланудың алғашқы сатысы сабақтың мақсатын анықтаудан басталады. Сабақтың мақсаты деп- сол сабақта оқытып-үйретуге және дамытуға байланысты мәселелердің шешілуін айтамыз.Сабақта өтілетін материалдардың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі, оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды.Берілетін білімнің көлемін анықтаған кезде, қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетінін, қайсысы оқушылардың өздігінен орындауына тапсырылатынын анықтаған жөн.Мұғалімнің сабаққа дайындалуына ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып, зерттеу көп пайдасын тигізеді. Сондықтан әр мұғалімнің жеке кітапханасы болғаны абзал. Қажетті әдебиеттерді студенттік шақтан бастап жинағаны орынды.Өзінің сабаққа дайындалуын жеңілдету үшін, мұғалім ұдайы химиядан, оны оқыту әдістемесінен, баспасөз бетінде жарияланған қажетті материалдарды жинап, арнайы картотека жасағаны абзал.Сонымен бірге мұғалімнің қолында дидактикалық және әдістемелік материалдар болғаны дұрыс. Бұлар қажетті мөлшерде дайындалған бақылау жұмысының нұсқаларын, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес әр сыныпқа арналған және әрбір тақырып бойынша дайындалған карточкалар жинағын, өздігінен жұмыс істеуге және білімді материалдарды, зертханалық және сарамандық жұмыстардың нұсқауларын, техникалық құралдарды пайдалануға арналған материалдар жиынтығын, көрнекі құралдарды және материалдарды қамтиды.
Мұғалімнің жұмыс жоспарлары
Оқу үрдісінің нәтижесі, сабақтың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі-бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты.
Оқу үрдісін жоспарлаудың негізгі құжаттары мектепке арналған жылдық оқу жоспары-онда жеке сыныптар бойынша пәннің апталық сағат саны және химия пәнінің бағдарламасы көрсетіледі. Мектеп химиясының бағдарламасында әрбір сыныптарда оқылатын білім негіздері тарауларға біріктіріліп, сағаттармен шектелген.
Оқу үрдісінің бағдарламасы бойынша жасалатын күнтізбелік жоспарлы мерзіміне қарай жылдық, жарты жылдық және тоқсандық етіп құруға болады. Бұлай жасаудың өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар. Күнтізбелік жоспарды мектеп басшысының талабына сай әр түрлі бөліктерге бөліп жасайды. Жоспарда тараулар тақырыптарға бөлінеді, ондағы зертханалық-сарамандық жұмыстарға, тәжірибе есептеріне, өзіндік жұмысқа, бақылау жұмысына, тарауды қайталауға сағаттар бөлінеді.
Бағдарлама бойынша әрбір сыныпта өтілетін тараулардың мақсаттары мен міндеттерін, өтілу мерзімдерін жете бақылауүшін, мұғалім күнтізбелік жоспарды үш түрлі: топтамалық, графиктік және тақырыптық нұсқада жасай алады. Күнтізбелік жоспар мұғалімнің қолындағы бағыт сілтеуші тұсбағдар іспеттес, мұғалім өзінің ыңғайына қарай осы нұсқалардың бәрін де жасауына болады. Пән бағдарламасына сәйкес, мұғалім әрбір сыныптағы химияға бөлінген тараулардың сағаттарының қай уақытта басталып, қай уақытта аяқталғанын алдын ала біліп отыратын топтамалық, графиктік жоспарлау өте тиімді.
Оқу жоспары дегеніміз – пәндер бірізді жүйелі құрылып, оны оқыту мерзімі, әр пәннің сағат саны көрсетілетін нормативті құжат.
Оқу жоспары :
оқу жылының, тоқсандардың демалыс күндернің мерзімін,
оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін,
әрбір оқу жылы бойынша оқу тәртібін және ретін,
әр пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.
Оған сәйкестендіріліп:
-типті оқу жоспары,
- оның негізінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады.
Оқу жоспары – білім стандартының ең басты межесі, ол білім беруде,
білім мазмұнының төменгі шегін ( min )
оқуға бөлінген уақыттың төменгі шегін
оқушы жүктемесінің жоғарғы шегін ( max ) анықтап береді.
Барлық пәндер мазмұнына ұлттық мәдениет пен педагогика тәжірибелерін енгізуді,
Білімді ізгілендіруді,
әр пән бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жаңартуды,
әр пән немесе курс бойынша оқу-әдістемелік кешендер жасауды көздейді.
Оқу жоспары екі бөлімнен тұрады : инвариантты, вариативті. Инвариантты оқу жүктемесінде міндетті оқитын білім мазмұнының бөлігі шоғырланған, яғни негізгі міндетті оқитын оқу пәндері мен оған бөлінген сағат сандары көрсетіледі. Вариативті оқу жүктемесінде оқу орнының мүмкіндіктері, оқушылардың қараулары бойынша таңдау сабақтары қарастырылады.
Базистік оқу жоспары негізінде білім беру мекемелерінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады. Онда ағымдағы жағдайлар, әр топтардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Оны оқу ісінің меңгерушісі, бөлім меңгерушілері жасайды. Ол әр мамандыққа ондағы топтарға негізделіп жасалады. Онда, оқылатын пәндер тізімі, сағат саны, оқу мерзімі, оқу апталары, теориялық, практикалық сағаттар, курстық, бақылау жұмыстары, оларға бөлінген сағат көлемі, бақылау түрлері, оларға бөлінген сағат мөлшері іс-тәжірибе көлемі, уақыты, каникул уақыты көрсетіліп, қарастырылады. Оқу жоспары негізінде білім мекемелерінің ішкі оқу-тәрбие жоспарлары жасалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет