1 билет Математика тарихы мен методологиясы пәні мақсаты және міндеті



бет16/53
Дата27.03.2023
өлшемі172,71 Kb.
#173067
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
аяу маттарих (копия)

2. XX ғасырдағы математика.
20 ғасырда Алгебраның өрістер теориясы, сақиналар теориясы мен топтардың жалпы теориясы, топологиялық алгебра мен құрылымдар теориясы, 1940 — 1950 жылдары жартытоптар мен квазитоптар теориясы, әмбебап Алгебралар теориясы, категориялар теориясы сияқты жаңа бөлімдері пайда болды. Қазақстанда 1950 жылдан бастап алгебр. сандар теориясының кейбір мәселелері Б.М. Оразбаевтың басшылығымен ҚазПИ-де зерттелді. 1967 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында, ҚазМУ-де, ҚарМУ-де, ҚазПИ-де модельдер теориясының кейбір мәселелері зерттелуде. 1980 жылдан бастап Алгебраның топтар теориясы (В.С. Молдағалиев), Алгебралық геометрия (Ғ. Мұстафин), Ли Алгебрасы (А.С. Жұмаділдаев), К-теория (М.М. Телемтаев) және Алгебраның алгоритмдік мәселелері (У.У. Өмірбаев) салаларынан зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Алгебра негізінен: сызықты Алгебра, көпмүшеліктер Алгебрасы, векторлық Алгебра, тензорлық Алгебра, өрістер теориясы, сақиналар теориясы, топтар теориясы, құрылымдар теориясы т.б. салалардан тұрады. Алгебра физикада, кибернетикада, матем. экономикада т.б. кеңінен қолданылады.
ХХ ғасырдың басында І дүниежүзілік соғысқа дейін өткен ғасырдың математикалық еңбектері одан әрі дамыды.
Ғылым Еуропада, Германия мен Францияда және Америка құрама штаттарында белгілі ғалымдар шоғырланып жұмыс жасады.
Ресейде Чебышев мектебі, Англияда теориялық механика мен математикалық физика дамыды. 1871 жылы Берлинде «Бір жылғы математикадағы жетістіктер» деген рефераттық журнал шығатын болды. Мәселен, 1868 журналда математикадан,механикадан, математикалық физикадан, астрономиядан және геодезиядан 900-ге жуық еңбектер жарияланды. Еңбектер он екі бөлімнен тұрды: 1) тарих және философия; 2) алгебра; 3)сандар теориясы 4) ықтималдықтар теориясы; 5) қатарлар; 6) дифференциалдық және интегралдық теңдеулер; 7) функциялар теориясы; 8) аналитикалық геометрия; 9) синтетикалық геометрия; 10) механика; 11) математикалық физика; 12) геодезия және астрономия.
1868 жылғы алгебра (2-бөлім) үш тараудан тұрды: теңдеулер; формалар теориясы; ауыстырулар; группалар теориясы;анықтауыштар және эллиминация.
ХІХ ғасырдың ортасында арнайы математикалық қоғамдар ұйымдастырылды, бірақ олар алғашқыда белгілі бір қалалармен байланысты болды. Мысалы, бір уақытта дерлік негізі қаланған Мәскеулік математикалық қоғам (1864) және Лондондық математикалық қоғам (1865).
Математикалық логика математикалық пәннің тізіміне орнықты кірген деп есептеуге болатын; оның жағдай туралы секциялық мәжілісте Э.Шредер (1841-1902, Германия) баяндама жасады. Ал Дж.Пеано пленарлы мәжілісте өзінің басып шығарған «Математикалық формулалар» атты шығармаларының мазмұнымен таныстырды. Дж.Пеаноның бұл шығармасында сол кезеңдегі бүкіл математика курсы Пеано құрастырған математикалық логика таңбаларымен баяндалуы тиіс болған (1895-1908, бес томдық).
.
3. Ролль теоремасы бойынша функциясының [0,1] аралығындағы с нүктесін табыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет