1 билет Математика тарихы мен методологиясы пәні мақсаты және міндеті


билет Орта Азия мен Таяу шығыстағы халықтардың математикасы туралы



бет24/53
Дата27.03.2023
өлшемі172,71 Kb.
#173067
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
аяу маттарих (копия)

19 билет



  1. Орта Азия мен Таяу шығыстағы халықтардың математикасы туралы

Ежелгі гректердін де, сол сияқты ертедегі шығыс елдерінің мәдениеті мен ғылымының мұрагерлері біздің заманымыздың VII—VIII ғасырларында араб халифатында біріктірілген Шығыс елдері болды. Олар жаппай кейінгі кезге дейін араб оқымыстылары санатына косылып келді. Грек, Сирия, үнді тілдеріндегі қолжазбаларды мол алдырып, оларды мұқият аудару жұмысын қызу жүргізеді. Кѳп ұзамай үнді астрономдарының және Гиппократ, Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, Менелай, Аполлоний, Герон, Диофант сияқты грек ғылымының кернекті ѳкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды. Осылай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдат мектебі құрылады. Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып, топтастырылады. ^ Біз Бағдат обсерваториясы мен «Даналық үйінің» ғылыми лсұмыстарының басты ұйтқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын үлкен мақтанышпен айтамыз. Олардын ішінде Мухаммед әл-Хорезми (Хорезмнен шыққан), Ахмед әл-Ферғани (Ферғанадан шыққан), Ғаббас әл-Жауһари (Отырар маңындағы Гауһар мекенінен шыққан), Ахмед әл-Мервази (Мервтен шыққан) және басқалар. Бұлардан жүз жылдай шамасы еткенде мұнда Оңтүстік Қазақстандағы Отырардан ғылым-білім қуып ұлы ойшыл, энциклопедист ғұлама Әбунасыр әл-Фараби келіп, Бағдат мектебінде ұзақ уақыт жемісті жұмыс жүргізеді, ұстаздық етеді. Бағдат математиктері мен астрономдары IX ғасырдың бас кезінде-ақ (827 ж.) жер меридианын қайта ѳлшеу сияқты қиын да ғылыми практикалық жұмысты жүргізу дәрежесіне кетеріледі. Араб ғылымының алғашқы қарлығашы, Бағдат математикалық, астрономиялық мектебінің негізін салушы Мухаммед әл-Хорезми, (толық аты-жѳні Мухаммед ибн Муса әл-Хорезми) Орта Азиядағы Хорезм қаласында, туып-ѳскен (қазіргі Ѳзбек ССР, Хорезм облысы). Мұндағы «Ибн» сѳзі арабша баласы дегенді білдіреді, әл- Хорезми VIII ғасырдың 80-жылдары туған деп шамала- нады. IX ғасырдың бас кезінде оны обсерваторияға басшылық етуге халиф-әл-Мамун Бағдатқа шақыртып алады, «Даналық үйінде» ғылыми педагогикалық қызмет атқарады. Жер меридианының градус ұзындығын ѳлшеу жұмысына қатысады. Мұхаммед әл-Хорезми женіндегі ең соңғы дереқ 847 жылы Халиф әл-Васидтің ѳліміне байланысты келтіріледі. Мұхаммед эл-Хорезмнін, дүниежүзілік ғылым тарихында, әсіресе математикада кѳрнекті орын алатынын ғылым тарихшылары бір ауыздан мойындайды. Араб ғылымының, мәдениетінің үлкен білгірі ағылшын оқымыстысы Сартон езінің «Ғылым тарихында кіріспе» деп аталатын үлкен еңбегінде Хорезмиді «Ѳз заманының асқан ұлы математигі, барлық жағдайды еске ала қарастырғанда, барша заманның ең ұлы математиктерінің бірі» деп бағалайды. Әл-Хорезми математика және астрономия салалары бойынша бірсыпыра құнды еңбектер қалдырған. Олардың ішінде ең бастысы «Қитаб әл-Мұхтасар фи Хисаб — әл-джебр вәл-мукабала» («Әл-жебр және әл-мукабала тәсілімен есептеудің қысқаша кітабы»). Бұл — математика тарихында алгебра мәселесіне арналған ең тұңғыш шығарма, бұған дейін алгебралық мағлұматтар арифметикалық еңбектерде баяндалатын. Сондықтан да әл-Хорезмиді кейде «алгебра атасы» деп те атайды. Кітап атауындағы «әл-жебр» сезі кейін Европада бұр- маланып «алгебра» терминіне айналып кеткен. Ғалымның ез ныспысы алгоризм (латын атауынша) деген сез «алгоритм» деген сезге — қазіргі ғылымда кең танымал терминге айналған. Мұхаммед әл-Хорезмидің математика тарихында үлкен мәні болған арифметикалық трактаты «Үнді есебі» («Хисаб хинди») деп аталады. Бұл кітаптың араб тіліндегі түпнұсқасы сақталмай, бізге XIV ғасырдағы латынша аудармасы ғана жеткен. Бұл еңбек Таяу Шығыс пен Европада кең таралған санаудың ыңғайсыз гректік алфавит жүйесі мен рим нѳмірлеуінің орнына санаудың үнділер жасаған ондық позиңиялық нсүйесінің келуіне ең басты себепші болды. Әл-Хорезмидің алгебралық және арифметикалық шығармаларының мазмұны және оның математика тарихындағы орны женінде сез алда. Бұл жерде айта- тын бір нәрсе: бұл трактаттар ғылыми терең мазмұнды болумен қатар, баяндау стилі женінде ете жеңіл кѳпші- лікке түсінікті тілмен жазылған. Шығыстың бір математигі әл-Хорезми туралы «Ол математика сияқты ғылымның сиқырлы пердесін жұлып тастады» деп жазады. Бұл оның педагогикалык методикалык, яғни ұстаздық қасиетін, шеберлігін дәріптейді. Әл-Хорезми ғылымның кѳп саласында қалам тартқан дарынды оқымысты. Бағдат обсерваториясында ұзақ уақыт жүргізген бақылаулары мен есептеулері негізінде ол үнділердің ескі астрономиялық кестелерін талдай отырып, «Астрономиялық кесте» құрастырады. Мұнда синустардын, сондай-ақ тангенстердің кестелері де бар. Бұл еңбек те кейін латын тіліне аударылып, Европада бірнеше ғасыр кәдеге жарайды. 1878 жылы Қаирде әл-Хорезмидің «Кітаб сурет әл-арз»—«Жер кескіні туралы кітабы» табылды. Бұл еңбек негізінен — Птолемейдің «География» атты еңбегінің ѳңделген түрі. Әл-Хорез- миден әл-Фараби арасында және одан кейін де Бағдат мектебінен кѳптеген оқымыстылар шыққан. Бұлардың арасында атақты математиктер Сабит иби Корра, ағайынды Бану Мусалар кернекті алгебрашы Әбу Кәмил «арабтардың бірінші философы» әл-Кинди, бесаспап математик Әбу-л-Вафа тағы басқалар бар. Бағдатты 1258 жылы қанқұйлы Шыңғысханның немересі — Қулағу хан басып алғаннан кейін ондағы ғылыми мектеп пен обсерватория ѳз жұмысын тоқтатады. Бағдаттан кейінгі Таяу Шығыс пен Орта Азия елдеріндегі эр кезде ғылыми орталықтар болған: Каир, Мараға, Бухара, Самарқан т. б. қалаларында. Мысалы, X ғасырдың аяғында Каирда ашылған ғалымдар үйі (Дар ал-хикма) 200 жылдай ѳмір сүрген. Арабтар басып алған Испания жеріндегі Кордова мемлекетінде де X ғасырдан бастап мәдени-ғылыми ошақтар ұйымдастырып, оларда математика саласында тиісті зерттеулер жүргізілген.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет