1 билет Математика тарихы мен методологиясы пәні мақсаты және міндеті



бет25/53
Дата27.03.2023
өлшемі172,71 Kb.
#173067
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
аяу маттарих (копия)

2. Функционалдық анализдың дамуына сүбелі үлес қосқан және қосып келе жатқан Қазақстан математиктері: Т.Ы.Аманов, М.Өтелбаев, Т.Ш.Кальменов, Н.Блиев, Р.Ойнаров және т.б.
Мұхтарбай Өтелбайұлы Өтелбаев(1942) - математик, физика-математика ғылымдарының докторы (1978), профессор (1979), Қазақстан Ұлттық ҒА-ның Математика және Механика институтының «Анализдің қолданбалы әдістері» зертханасының меңгерушісі (1978-1983), әл-Фараби атындағы университетінде кафедра меңгерушісі (1983), Жамбыл педагогикалық институтының ректоры (1984-1986), Қарағанды қолданбалы математика институтының басшысы (1992-1994), Қазақстан Министрлер кабинеті Ұлттық ағарғыш агенствосының бөлім бастығы (1994-1996), Алматы Мемлекеттік Университетінде кафедра меңгерушісі (1996). М.Өтелбайұлы Жамбыл облысының Қаракемер ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан кітап оқуға құмар, өлең жазуға икемді, қазақтың салт-дәстүрлерін, өлең-жырларын, ауызша тараған қара есептерін шығаруды жақсы көреді. Қазақ халқының есептерін, теңдеулерін қиналмай-ақ шешті. Қырғыз университетінде оқып жүргенінде оны байқаған ректор Москва университетіне оқуға жібереді. Университетті жақсы оқып бітірген соң, оны аспирантураға алады. Аспирантурадағы ғылыми жетекшісі Б.М.Левитан болады. 1972 жылы Москвада кандидаттық диссертациясын қорғап, Алматыға келеді. 1978 жылы «Эллипстік операторлардың спектрін бағалау және онымен байланысты енгізу теоремалары» атты тақырыпта докторлық диссертациясын Москвада қорғайды. М.Өтелбаев қазіргі математиканың көптеген тарауларын қамтитын жан-жақты ғалым. Атап айтқанда: спектрлік теория, енгізу және жуықтау теориясы сызықтық және сызықтық емес интегралдық теория, Векуа теориясы, қолданбалы есептер. М.Өтелбайұлының көптеген шәкірттері ғылым кандидаты мен ғылым докторы атанды. Ол бірнеше монография мен ғылыми мақалалардың авторы.
.
3. Ролль теоремасы бойынша функциясының [0,1] аралығындағы с нүктесін табыңыз.

20 билет

  1. Әл Хорезми еңбегінің ерекшелігі, оның математика дамуына қосқан үлесі.

780 – 850. Араб математигі әл – Хорезми Бағдатта тұрды. Математика бойынша ол жазған екі кітап бүкіл әлемге араб цифрлары мен нөлдің тарауына септігін тигізді. «Арифметика» және «Алгоритм» терминдері сол жасаған сөздіктерден бізге келді, ал алгебра сөзі оның «Китаб әл – жабр уә-л муқабәлә» кітабы тақырыбының бір бөлігі болып табылады. Ал геогрф ретінде сол кездегі белгілі әлемнің толық картасын жасауға көмектесті.
Толық есімі - Әбу Абдуллах Мұхаммед бин Мұса Әл-Хорезми. 780 ж ежелгі Хорезм елінің Хиуа қаласында дүниеге келіп, 850 ж Бағдатта қайтыс болған. Орта ғасырлық ұлы ғалым - математик, астроном, тарихшы, жағрапияшы.
Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Әл-Хорезми - жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға. Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулерімен танымал болды. Әлемге танымал ғалымның негізгі ғылыми өмірі негізінен Араб халифатының орталығы болған Бағдад қаласындағы “Даналық үйінде” өткен. Бұл ғылыми Академияға халифаттың түкпір-түкпірінен данышпан ғалымдар жиналған және аса ірі обсерватория және ғылыми-тарихи қолжазбалар қоры мол кітапхана бар еді.
«Китаб әл – жабр уә-л муқабәлә» кітабының алғашқы беті
Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей 9 ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады:
1. Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдануына арналған;
2. Алгебра (Әл-жабр) және әл-муқабәләнің есептеулері туралы қысқаша кітап - Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған;
3. Астрономиялық таблицалар (зидж) - Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған ;
4. Жер шары бейнесінің кітабы - Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған;
5. Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап;
6. Күн сағаттары туралы кітап;
8. Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат;
9. Тарих кітабы - адамзат тарихына арналған туынды.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет