Меланхолик. Бұл темперамент өкілінде психикалық процестер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған отрада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сендай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады.
Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Әр мұғалім оқушының темпераментін білу керек. Холерик кіші оқушыда ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет. Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек. Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек.Ал сангвиниктерде тұрақтылықты орнату қажет.
3.Мәтінді есептерді шығару. Мектеп оқулықтарында көбінесе бір немесе екі ғана шартпен берілетін қарапайым мәтін есептер үнемі қайталанып отырады. Осының әсерінен математиканың алдында тұрған негізгі талап – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар математика пәнінде күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығаруға үйрету, математикалық модель құра білу мәселелері назардан тыс қалуы мүмкін. Мәтін есептерді тура талқылауды керек ететін арифметикалық тәсілдерді қолдана отырып шығарудың логикалық ойлауды дамытуда берері зор және арифметикалық тәсілді жақсы меңгергенде мәтін есептерге жылдам, әрі дұрыс теңдеу құра алады. септің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсінуге, есептің шартын жазуға қалыптасуымыз керек. Содан кейін шығару тәсілдерін бекіткен дұрыс болады. Сонымен қатар математика пәнінен алынған білімді өмірде жиі қолдануға тура келетіндіктен, өмірмен байланысты есептерді шығару - танымдылық пен қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Бұл есептердің ішінде біраз басқатырғыштары да бар. Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге (классификация) бөлуге болады: 1) танымдық есептер: бұлар арқылы жаңа білім алынады 2)машықтану есептері: бұлар арқылы орнықты білім дағдылары қалыптасады 3)шығармашылық мақсаттағы есептер: ойлауды қажет ететін дамыту есептері.