Тәртіптілік пен жинақылық. Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, ісәрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.
Шыдамдылық. Адам өзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың көптігіне, не болмаса өзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан алға тұтқан
мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық көрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз.
Ерлік. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік – батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық
пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы
ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді.
3.Зергерлік бұйымдар. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар.
Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б.
Қазақ зергерлерінің сүйікті материалы күміс болды. Зергерлік бұйымдары жөнінде сөз бола қалса, бәрінен бұрын, олар қаншалықты сәнді болса, соншалықты жаман нәрселерден қорғау қасиетіне ие болып, сондай мәніне қарай олардың қалып мен ою-өрнек алғанын, жасалынатын материалының да түрліше болғанын ескерген жөн. Күмістің жылтылы мен түсі айға, айдың жарығына баланды.
Олардың ойынша, «Боз ғаламшар» мен күміс бір-бірімен тығыз байланысты; металды түнгі жарықтың бір бөлігі ретінде қабылдап, оған түрліше құдіретті (магиялық) қасиет берді.