3.Қатты,Сұйық және шайырлы мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау
Мұнай өнімдерінің тығыздығын ареометрмен анықтау
Жұмыстың мақсаты: Қатты мұнай өнімдерінің тығыздығын ареометрмен анықтау
Приборлар, реактивтер:
Ареометр;
Диаметрі>5см шыны немесе металл цилиндр;
Керосин;
Тығыздықты ареометрмен анықтау Архимед заңына негізделген. Ареометрді сыналатын сұйықтыққа батырған кезде тығыздықтың градуирленген шкаласы көрсетілген бөлігінен жоғары шығып тұрмайтын етіп таңдайды.Цилиндрге қабырғасын бойлай абайлап,ареометрді салған кезде цилиндрдің сыртына төгіліп кетпейтіндей етіп сыналатын өнімді құяды.
Таза және құрғақ ареометрді жоғарғы ұшынан ұстап тұрып мұнай өніміне баяу батырады. Ареометрдің тербелуі тоқталғаннан соң менисктің жоғары шеті бойынша тығыздықтың мәнін есептейді. Мұнай өнімінің температурасын ареометрдің термометрі бойынша немесе қосымша термометрмен өлшейді. Ареометрдің шкаласы бойынша есептеу мұнай өнімінің сынақ температурасы кезіндегі тығыздығын көрсетеді.Табылған тығыздықты қалыпты температурадағы p 4 тығыздығына келтіру үшін Д.И. Менделеев формуласын пайдаланады. Ареометрдің түріне байланысты параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылығы 0,001-0,002-ден аспауы тиіс.
Өте тұтқыр-50 С –тағы тұтқырлығы 200мм²/с жоғары мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау үшін оларды алдын-ала тығыздығы белгілі керосиннің бірдей көлеммен араластыру қажет. Керосиннің тығыздығы белгісіз болса, оны ареометрмен анықтайды.
Сыналатын тұтқыр мұнай өнімінің тығыздығын мынандай формула бойынша есептейміз : p=2р1-р2= 2*820-810=20г/м
Мұндағы р1-қоспаның тығыздығы; р2- керосиннің тығыздығы;
Ареометрдің түріне байланысты тұтқыр мұнай өнімінің тығыздығын параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,004-0,008-ден аспауы керек.
Шайырлы-асфальтты заттарды бөлу және мөлшерін анықтау
Маркуссон әдісімен жүргізіледі (адсорбиялық әдіс). Шайырлы асфальт заттарды анықтаудың 2-ші тәсілі – күкірт қышқылд тәсіл. Шайрлы заттарды анықтаудың бұл тәсілі, бензинде ерітілген мұнай және мұнай өніміндегі шайырлы қосылыстардың қолданған таза жоғары конентрациялы күкірт қышқылмен әрекеттесуіне негізделген. Бұл әрекеттесу екі бағытта жүреді: бір жағынан, біз таза химиялық сульфидтеу және полимеризаиялау реакцияларын байқасақ, ал екінші жағынан , физико-химиялық коагуляция құбылысын яғни қышқылмен әсер еткенде мұнай өнімінде каллоидті ерітінді түрде болатын шайыр бөлшегінің тұнбаға түсуін байқаймыз.
Осы процестердің нәтижесінде өнім ретінде біз реакциялық ыдыс түбінде тұнып қалатын қышқыл гудрон аламыз. Бұл өте жуықталған тәсіл, себебі күкірт қышқылы шайырлы заттарды ғана емес, сонымен қатар басқа да көмірсутектерді қышқылды гудронға айналдырады. Бұл кемшіліктерге қарамастан күкірт қышқылды әдіс қарапайымдылығы мен тез анықталатындығы үшін жиі қолданады. Байқау келесі түрде жүргізіледі:
Бөлімге бөлінген тұндырғышқа 10 см3 таза күкірт қышқылын құяды (тығыздығы 1,84). Күкірт қышқылын қабырғаға шашыратпай байқап құяды да, тығынмен жауып қояды. Сонан соң тығыз тығынды сыйымдылығы 150 см3 градуирленген цилиндрге 50 см3 бензин құяды. Егер өнімді мұқият кептіру мүмкіндігі болмаған болса, онда оны сусыздандыру былай жүргізіледі: жеке цилиндрге 50 см3 бензин жне мұнай өнімін құйып, қоспаға 5 г сусыз хлорлы кальциді салады, бірнеше минут қоспаны шайқап, оның тұнуына уақыт беріп , сонан соң сыйымдылығы 150 см3 басқа цилиндрге мұқият құяды, бірінші цилиндрді 3-4 рет бензинмен шайып, шайындыны қоспа бар екінші цилиндрге құяды, сонан соң екінші цилиндрлі бензинмен 150см3 белгіге жеткізіп толтырады.
Өнімнің бензинді ерітіндісін даярлауды аяқтап, тұндырғыштың тығынын ашып, қышқылға қабырға арқылы мұқият түрде цилиндрдегі қоспаны құяды. Цилиндрді бірнеше рет бензинмен шайып, тұндырғышқа құяды, сонан соң тұндырғышты тығынмен жауып, штативтен алып 2 рет қатты шайқайды. Әр шайқағаннан соң мұқият және міндетті түрде бензиннің жеңіл бөлшегінің бұлану нәтижесінде пайда болатын газдың шығуы үшін тығынды ашу керек. Бензиннің жеңіл бөлшегінің күкірт қышқылының қоспаға әсер еткенде қызуынан болады. Тұндырғыштың тығының міндетті түрде ашу керек, себебі лайда болған газдар оны ұшырып жіберуі мүмкін. Сонан соң тұндырғышты көлденен қалыпта ұстап тұрып, 3 минуттай қоспаны тез араластырады. Бұл кезде араластыруды тоқтатпай тұндырғышты айналдыру керек. Араластырып болған соң пайда болған шайрлы заттарды бензин ерітіндісінен жіктеу үшін тұндырғышты штативке тік қалыпта орналастырады.
Бір сағаттан соң қышқыл және қара шайыр заттарының қышқыл гудронның бұрынғы деңгейіне қанша куб сантиметр сан қосылғандығын өлшейді. Бұл санның екіге көбейтіндісі акциз әдісі бойынша табылған шайырлы затының проценттік мөлшеріне сәйкес келеді.
Егер өнімде өте көп шайырлы заттар болса, 26-дан 60%-ке дейін, онда оны керосинмен сұйылтады. Цилиндрге 25см3 өніммен бірге барлығы 50см3 осы қоспаны құйып, жұмысты жоғары баяндалған әдіспен жүргізеді. Шайырлы заттардың проценттік құрамын анықтау үшін қышқыл гудронын есептегенде алынған куб сантиметр санын 4-ке көбейту керек. Өнімде 50-тен көп шайырлы зат болса, зерттеліп жатқан мұнай өнімін 1:2 қатынастағы керосинмен сұйылтады. Бұл жағдайда шайырлы заттардың проценттік мөлшерін анықтау үшін қышқыл гудрон үшін есептелген куб сантиметр санын 6-ға көбейтеміз. Асфальтты шайырлы заттарының сусыз өнім мөлшерін мына формуламен есептейді:
Х% = ( V2- V1)*П *100/V3
Мұндағ: V2, V1 – төменгі қабаттың көлемдік өсімшесі, мл;
V3- анықту үшін алынған мұнай өнімінің көлемі, мл;
П-бензинмен сұйытылған еселігі;
Х-сусыз мұнай өнімдегі акциз шайырының мөлшері;
5 Билет
1) Алкандардың физикалық және химиялық қасиеттері.
Алкандар (парафиндер) мұнайдың және ілеспе газдардың құрамында газ, сұйық және қатты күйде болады. Газ күйіндегі алкандардың көміртек атомдарының саны 1-ден 4-ке дейін болады және олар негізінен табиғи және Ілеспе газдардың құрамына кіреді. Көміртек атомдарының саны 5-тен 15-ке Дейінгі алкандар сұйық болып келеді, негізінен мұнайдың және газды конденсаттың құрамында болады. Гексадеканнан бастап (С16) қалыпты алкандар қатты заттар, олар еріген күйде немесе кристалл күйінде мұнайдың Және оның жоғары фракцияларының құрамына кіреді.Мұнайдың құрамында алкандардың жалпы мөлшері 40-50% дейін жетеді, кейбір мұнайларда 50-70%, ал кейбірінде 10-15% дейін болады. Қазақстан мұнайларының ішінде парафині көп мұнайларға Маңғыстау, Кенқияқ және Кұмкөл мұнайлары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |