1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


-билет 1.Мұнай өңдеудің катализдік процестері



бет9/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

4-билет
1.Мұнай өңдеудің катализдік процестері.

Катализдік риформинг процесінің ғылыми негіздері ХХ ғасырдың басында қаланған. 1911 жылы Зелинский Pt мен Pd катализаторлары қатысында, қосымша реакциясыз алтымүшелі циклоалкандарды арендерге дегидрлеуге болатынын көрсетті. 1936 жылы алкандарды дегидроциклдеу арқылы аренді алу реакциясы ашылды. Катализатор ретінде СгО3, Cu-Cr құймасы, Pt қолданылды. Катализдік риформинг бензин фракциясының октан санын көтеру және арендерді алу үшін қолданылады. Платина катализаторы қатысында жүретін риформинг процесі платформинг деп аталады және бұл ең кең таралған процесс. Алюмомолибден катализаторында жүретін риформинг процесі – Гидроформинг өзінің мәнін жойды.

Риформинг кезінде 1) алкандардың изомерленуі, дегидроциклденуі, гидрокрекингі, 2) нафтендердің дегидрленуі, изомерленуі, гидрленуі, гидрокрекингі, 3) арендердің деметилденуі мен диспропорциялануы жүреді.

2.Мотор отындарының негізгі қасиеттері

Қолдану және жинақтап сақтау кезінде мотор отындарына төмендегідей талаптар қойылады


.• Отын жанған кезде жылудың максимум мөлшері бөлінуі керек, жану өнімдерінің молекулалық массасы төмен, жылу сиымдылығы мен жылу өткізгіштігі азғантай, меншікті газ тұрақтысы мен температураның көбейтіндісі (RT) жоғары мәнге ие болуы керек.Көліктің жанар май ағатын жүйесі, құбырлар, насостар, реттеу жүйелері және басқа да коммуникациялар бойымен отынның ағысы қоршаған ортаның кез-келген жағдайында – төменгі немесе жоғары температурада, әртүрлі қысымда т.с.с. тоқтаусыз болуы керек. Жинақтап сақтау және тасымалдау кезінде отынның булануыминимум болуы керек. Мотордың жану камерасында отынның булануы оның тұтануы мен жануын оптимальды жылдамдықта қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Отынның құрамында мотордың, сақтау және тасымалдау
Құралдарының конструкциялық материалдарын бүлдіретіндей коррозияға активті компоненттер болмауы керек.
Сақтау және қолдану жағдайында отынның физика-химиялық және эксплуатациялық қасиеттері ұзақ уақыт бойы өзгермеуі керек.
Жану өнімдері қоршаған ортаға зиянсыз болуы керек.
Шикізат базасы кең, құны жоғары емес және көп мөлшерде қолданысқа мүмкіндігі болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет