8-билет 1.Шикі мұнайды талдау әдістері және мұнайды зерттеуге дайындау. Мұнайды өндірудің негізгі əдістері. 1) бұрқақ əдісі; 2) газлифт немесе компрессорлық əдіс, 3) терең сорапты əдіс. Бұрқақ əдісі. Бұл əдіс мұнай қабатындағы қысым жоғары болғанда қолданылады, мұнай жер қойнауынан сатылы жəне сыйымды ыдыстарға өзіндік қысыммен түседі. Бұл əдіс соңғы жылдары жаңадан ашылған мұнай кеніштерінде көбірек қолданыла бастады, мұндай кеніштердегі қаттық энергияның қоры жоғары мөлшерде болады.
Ұңғыма түбінің қысымы ұңғыма сұйық бағанының гидроста тикалық қысымын, сағалық қарсы қысымды жəне сұйықтың қоз ғалуына байланысты туындайтын қажалуды болдырмауға жұмсалатын қысымға төтеп бере алатындай дəрежеде жоғары болады. Кез келген түрдегі атқыламалау ұңғымасының жұмыс істеу жүйесі шартты түрде төмендегідей теңдеумен көрсетіледі:
РТ = РГ + РС + РҚ
мұндағы, РТ – ұңғыма түбінің қысымы; РГ – тігінен есептелген ұңғыма сұйық бағанының гидростатикалық қысымы; РС – ұңғыма сағалық қысымы; РҚ – қарсы қысымы.Атқылаудың екі түр бар:
– құрамында газдың көпіршіктері жоқ сұйықтың атқылауы –
артезиандық атқылау əдісі;
– газ энергиясының əсерімен құрамында атқылауды жеңілдететін газ көпіршіктері бар сұйықтың атқылау əдісі.
Артезиандық атқылау мұнай өндірісінде сирек кездеседі. Артезиандық əдіс мұнайдың құрамында еріген газ мүлде болмаған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда атқылау құбырларында газдалмаған сұйық қозғалады, сондықтан мұндай сұйықтың гидростатикалық бағанының қысымын жеңіп шығу үшін ұңғыманың сағалық қысымы жеткілікті дəрежеде жоғары болуы тиіс. Газ энергиясының əсерімен атқыламалау. Ұңғымадағы құрамында газ көпіршіктері бар сұйықтың атқылауы аса кең тараған əдіс болып саналады. Бұндай атқылау сұйықты ұңғыма түбіне айдайдын энергияның қуаты сол сұйықты ұңғыманың бетіне көтеру үшін қажет болатын энергияға тең немесе жоғары болатын жағдайда, атқылау көтергіші оңтайлы режимде, ең жоғары ПƏК режимінде жұмыс істеген жағдайда мүмкін болады.Ұңғыма түбі қысымының əсерінен, сұйық сол қысымға сəйкес келетін биіктікке көтерілуі мүмкін. 1 м3 сұйықты көтеру кезінде орыналатын пайдалы жұмыс, сұйық дейгейінің көтерілу биіктігіне көбейтіндісіне тең. Мұнаймен бірге ұңғыма келіп түскен ілеспе газ мұнайдың қысымын төмендету кезінде бөлініп шығады. 1 м3 тауарлық мұнайға қатысты болатын жəне стандарттық жағдайларға келтірілген газдың жалпы мөлшері, толық газдық фактор деп аталады. Алайда ілеспе газдың əртүрлі тереңдіктегі үлесі əртүрлі болады. Кеңейту жұмысын тек ілеспе газ ғана орындайды. Сондықтан газдың кеңейту жұмысын есептеу кезінде толық газдық факторды емес, газдың аз
мөлшерін (еріген бөлігін шегерумен) ескеру қажет, оны тиімді газдық фактор деп атайды.