ЭТТҚ-АВҚ-6 қондырғысы. Бұл қондырғы жұмысы 2 рет буландыру принципімен іске асырылады. Бұл жүйе бойынша мұнай сораппен 2-5 жылу алмастырғыштардан,электродегидраторларының шоғырынан жəне жылу алмастырғыштан өтіп бензинсіздендіру бағанасына түседі. Бағананың жоғары жағынан шығатын өнім жеңіл бензин фракциясын ауамен жəне сумен суытатын тоңазытқыштарда суытады. Одан кейін рефлекс сыйымдылығына түседі, одан бензиннің бір бөлігі сораппен бағанаға бүркіп тұру үшін ағын (флегма) есебінде беріледі, ал негізгі балансты мөлшері өзінің қысымы мен ыдысына түседі. Бағананың астынан шығатын өнім – аздап бензинсізденген мұнай сораппен алынып, құбырлы пешке жіберіледі. 360°С-ге дейін қыздырылған мұнайдың екі ағымының біреуі бағанаға қосымша ректификациялауға қажетті жылу беру мақсатында беріледі де, ал екінші ағымы атм. бағанасына жіберіледі. Бағанада мұнай бірнеше фракцияларға бөлінеді. Бағананың астынан температурасын төмендету жəне мазуттан мөлдір өнімдері толығырақ мазуттан алу үшін ректификациялауды су буының қатысумен жүргізеді.
ЭТТҚ-АВҚ-6 қондырғыға түсетін мұнай (1) сораппен алынып, екі ағыммен шикізаттың жылу алмастырғыштарына өтеді.
ЭТТҚ-АҚ-дан айырмашылығы бүйірден фракция: керосин (180-230°С), жеңіл дизель (230-280°С), ауыр дизель (280-350°С) алынады. Осы арқылы алынатын дизель отынының ассортименті көбейеді.
ЭТТҚ-АВҚ-6 қондырғысындағы бензинді тұрақтандыру жəне қайта айдау блоктары ЭТТҚ-АҚ-6 қондырғысындағы жүйемен істейді.
2 Билет
1. Жабық типті аппараттарда тұтану температурасын анықтау
1 сұрақ
Тұтану температурасы оңай буланатын көмірсутектердің құрамының сипаттамасы болып табылады. Мұнай жағдайында онда жеңіл дистиляттардың бар-жоғын анықтауға мүнкіндік береді.
Тұтану температурасы өнімге жалын әкелгенде тұтанатын және белгілі бір уақыт ішінде тыныш жануды жалғастыратын температура. Тұтану температурасы жанармайлар мен майлардың өрт қауіптілігінің стандартталған сипиттамасы болып табылады.
Тұтану температурасын анықтауға арналған құрылғылардың екі негізгі түрі бар : жабық және ашық түрлері.
50°С жоғары тұтану температурасын анықтау үшін қолданылатын жабық Мартен Пенский аппараты, Ресейде кеңінен қолданылады. Құрылғы қыздыру үшін қолданылатын металл қаптамамен жабдықталған цилиндрден тұрады. Цилиндрдің ішкі белгісі бар, оған дейін зерттелетін мұнай өнімі құйылады.
Цилиндр термометрге арналған түтігі, араластырғышы және қақпағы электр шамының айналмалы механизміне қосылған саңылауы бар тығыз бекітілген қақпақпен жабдықталған. Тұтқаны бұрған кезде, қақпақ бұрылып шам тесікке еңкейеді. Талдауды бастамас бұрын барометрлік қысымды ескеріңіз.
Таза, құрғақ цилиндрде сусыздандырылған мұнай белгіге дейін құйылады, цилиндр ішкі корпусқа орналастырылады, ол газ оттығы немесе электр құрылғысы арқылы қыздырылады. Цилиндр қақпақпен жабылған, термометр орнатылған. Температура минутына 8-12°С, күтілетін тұтану нүктесіне дейін 30°С көтеріледі, қыздыру температураның көтерілу жылдамдығы минутына 2°С болатындай етіп реттеледі. Қыздыру кезінде өнімді араластыру керек.
Температура күтілгеннен 10-15 ° C төмен болған кезде сынақ басталады. Әрбір 2°C тұтқаны бұрап, шамды цилиндрдің бу кеңістігіне батырыңыз.
2. Су құрамын анықтаудың сапалық және сандық әдістері. Мұнай өнімдерін сусыздандыру.
Мұнайдағы және мұнайөнімдеріндегі суды анықтайтын әдістер екі топқа бөлінеді: сапалық және сандық.
Сапалық сынаулар эмульсиялық суды ғана емес, сондай-ақ еріген суды да анықтай алады. Мұндай әдістерге мөлдірлік, Клиффорд, шытырлау және реактивтік қағаз сынамалары жатады. Бұл әдістердің алғашқы екеуі мөлдір мұнайөнімдеріндегі суды анықтауға қолданылады. Суды сапалы анықтауға ең жиі қолданылатын әдіс – сынама шытырлануы.
Мұнайдағы мен мұнайөнімдеріндегі суды сапалы анықтау үшін, олардың құрамында судың болуынан функционалды байланысқан түрі олардың қасиеттерін пайдалануға болады: тығыздық, тұтқырлық, беттік керілу, диэлектрлік өтімділік, электрөткізгіштік, жылуөткізгіштік және т.б. Функция түрін ерте бастан есептеу, ережедегідей, өлшенуші параметрге су үлесінің бірдей еместігінен мүмкін емес. Бірдей еместілік су мен зат молекулаларының химиялық әрекеттестігімен қалыптасқан. Осы себептен математикалық тәуелділік әдетте тәжірибелік мағлұматтар пайдаланылып табылады.
Әдістердің басқа тобы судың өзінің химиялық пен физика-химиялық қасиеттерін пайдалануға негізделген. Оларға, мысалы, Фишер реактивімен титрлеу әдісі, гидридкальцийлік жатады.
Сұйық өнімдердегі суды анықтаудың бар сандық әдістері, бұдан басқа, тік және жанама болып бөлінеді. Тік әдістерге жататындар Дин мен Старк әдісі, Фишер реактивімен титрлеу, гидридкальцийлік әдіс және үйірткілеу, жанамаға – диэлектрметрлік, ИҚ-спектрофотометрлік, кондуктометрлік, колориметрлік және б.
3. Мұнай және мұнай өнімдерімен жұмыс жасалатын лабораториялардағы қауіпсіздікережелері.
Практика жағынан органикалық заттардың барлығы әртүрлі дәрежеде улы болып табылады, ал олардың көпшілігі отқауіпті және жарылысқауіпті болып табылады. Сондықтан химия лабораториясында жұмыстары кезінде, анықталған сақ болушылық ережелерін сақтау қажет. Бұл ережелерді жұмыскердің өзіндік қауіпсіздік мақсатымен ғана емес, жұмыс жолдастарына да қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақтау керек.
Жалпы жағдайда берілген экспериментті жасауының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сақ болушылық амалдарының сипаты жұмыстың түрінен тәуелді болады. Бірақ лабораторияда жұмыскерлердің әрқайсысы үшін, міндетті түрде орындауы қажетті жалпы ерелері бар. Оларға жататындары:
- практикумда жұмысқа кірісетіндерінің әрқайсысында жұмыс халаты өзіндік пайдаланыста болуы керек;
- лабораторияда жалғыз жұмыс істеуге болмайды, себебі қайғылы оқиға кезінде, азап шеккен адамға ешкім көмек көрсете алмайды және апаттың зардаптарын ешкім жоя алмайды;
- тазалықты, тыныштықты, тәртіпті және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет, себебі жұмыстағы әрбір тәртіпсіздік, тез істеушілік, салақтылық көптеген жағдайда жұмысты қайта орындауға және ауыр зардаптары бар қайғылы оқиғаларға әкеледі;
- лабораторияда жұмыс істеушілердің әрқайсысы отқа қарсы қорғаныс аспаптары лабораторияда қайда орналасқаны туралы білуі қажет: отсөндіргіштері, себілген құмы бар жәшіктері, асбесттен немесе киізден жасалған көрпесі және бірінші медициналық көмекті көрсету үшін қажетті, медикаменттері бар дәрі қобдишасы.
-лаборатория ішінде, тамақ жеуге және химиялық ыдыстан су ішуге қатаң тыйым салынады;
- жұмысқа кіріскен кезде, пайдаланылатын және синтездендірілетін заттарының қасиеттерін алдын-ала оқып білу қажет. Экспериментті бастағанға дейін, жұмыс орындаудың техникасын және сонымен бірге аспаптың сызбасын жақсылап ұғу қажет. Жұмыстың жоспары, реакциялардың теңдеулері, қажетті анықтама берілгендері, есептеулері жұмыс журналында жазылынуы тиіс. Жұмысқа тек қана оқытушының рұқсатын алудан кейін кірісуге болады;
-лабораториялық бөлмедегі ескі-құсқысымен және ауаның ластануымен барлық тәсілдермен күресу қажет. Лабораториялық үстелдердің үстінде портфельдерді және тағы басқа бөтен заттарды ұстауға тыйым салынады, лабораторияда сырт киімді ілуге және аяқ киімді қалдыруға болмайды.
- беттің немесе қолдың терісіне заттар тимеу үшін, жұмысты тиянақты түрде орындау қажет, себебі бұл заттардың кейбіреулері теріге және шырышты қабықшаларына ашуландырғыш әсерін тигізеді;
- қандай да болса заттардың дәмін алуға қатаң тыйым салынады. Заттарды иіске зерттеуін, сосудқа еңкеймей және толық кеудемен ауаны жұтумен емес, қолдың жеңіл қозғалысымен оның буларын өзіне қарай абайлап бағыттаумен ғана өткізуге болады;
- әрекетті аспаптарды байқаудан тыс қалдыруға болмайды;
- пробиркелерде және колбаларда сұйықтарды және қатты заттарды жылытқан кезде, сосудтардың тесіктері өзінен және жұмыс істеушілерден басқа жаққа бұрып тұруына көз салу қажет. Ыстық массаның кенет лақтырып тастауы кезіндегі жара алмас үшін, ашық жылытатын сосудтарға үстінен қарауға болмайды;
- жұмысты аяқтағаннан кейін, суды, электраспаптарды өшіру қажет, жұмыс орнын тәртіпке келтіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |