1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


Ареометрмен тығыздықты анықтау (май денсиметрі



бет21/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

Ареометрмен тығыздықты анықтау (май денсиметрі

Аспаптар, реактивтер
Ареометр (мұнайденсиметр)
Цилиндр шыныдан немесе металдан, диаметрі ³ 5 см
Керосин
Ареометрмен (мұнайденсиметрмен) 50 0С кезінде тұтқырлығы 200 мм2-дан аспайтын мұнайлар, жарқын мен қараңғы мұнайөнімдері және майлар, сондай-ақ сұйылтылғанда тұнба бөлмейтін тұтқырлау мұнайөнімдерінің тығыздығы анықталады. Ұшатын мұнайөнімдерінің (мысалы, петролейн эфирі, газ конденсаты) тығыздығын ареометрмен анықтау ұсынылмайды.
Талданушы мұнайға (мұнайөніміне) батырғанда батып кетпейтіндей және тығыздықтың градустелген шкаласы түсірілген бөлігінен жоғары жүзіп шықпайтындай ареометр (мұнайденсиметр)таңданылады. Ареометрмен (мұнайденсиметрмен) тығыздықты анықтау Архимед заңына негізделген.
Тығыздығын анықтаудан бұрын талданушы мұнай (мұнайөнімі) сынамасын қоршаған орта температурасын қабылдауға төтеленгенінше ұстайды.
50 0С кезінде тұтқырлығы 200 мм2-дан аспайтын мұнай (мұнайөнімі) тығыздығы ареометрмен (мұнайденсиметриен) былай анықталады. Берік орнықтырғышқа қондырылған диаметрі 5 см-ден кем емес таза құрғақ шыныдан (немесе металдан) жасалған цилиндрге сақтықпен қабырға бойынша немесе шыны таяқшамен, ареометрді (мұнайденсиметрді) батырғанда талданушы сынама цилиндр шегінен асып төгілмейтіндей есеппен, мұнай (мұнайөнімі) құйылады. Осыдан кейін таза және құрғақ ареометр (мұнайденсиметр) жоғарғы ұшынан ұсталып, баяу және сақтықпен мұнайға (мұнайөніміне) түсіріледі. Ареометр (мұнайденсиметр) бір қалыпқа түсіп оның тербелісі тоқтаған соң, жиектің жоғарғы шегі бойынша тығыздық мәнін санауды жүргізеді. Мұнда зерттеушінің көзі жиек деңгейінде болуы керек. Бірмезгілде ареометр термометрімен немесе қосымша термометрмен (ареометрлер термометрлі де және термометрсіз де болады) мұнай (мұнайөнімі) температурасын анықтайды.
Ареометр (мұнайденсиметр) шкаласымен санау талдау температурасы кезінде мұнай (мұнайөнімі) тығыздығын береді. Ареометрдің (мұнайденсиметрдің) типіне байланысты қатарлас анықталатын тығыздықтар арасындағы алшақтық 0,001-0,002-ден аспайды.
50 0С кезінде тұтқырлығы 200 мм2-дан аспайтын жоғарытұтқырлық мұнайлар мен мұнайөнімдерінің тығыздығын анықтау үшін, оларды алдын ала керосинмен сұйылту керек. Тұтқыр мұнайды (мұнайөнімін) тығыздығы белгілі көлемі дәл тең керосинмен сұйылтады. Егер керосиннің тығыздығы белгісіз болса, оны сол ареометрмен (мұнайденсиметрмен) анықтауға болады.
Талданушы тұтқыр мұнайдың (мұнайөнімінің) тығыздығын есептейтін формула: r =2r1 - r2, мұндағы r1 – қоспа тығыздығы; r2 – керосин тығыздығы.
Ареометрдің (мұнайденсиметрдің) типіне байланысты тұтқыр мұнайдың және мұнайөнімінің қатарлас анықталатын тығыздықтар арасындағы алшақтық 0,004-0,008-ден аспайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет