1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


Алкендердің қасиеттерін алу және зерттеу



бет29/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

Алкендердің қасиеттерін алу және зерттеу

Алкендерді бромды сумен (бромның судағы ерітіндісі) әрекеттестіргенде, ерітіндідегі бромның қызыл қоңыр түсі жойылып, түссіз дибромалкандар (СnН2nВг2) түзіледі:
Н2С = СН2 + Вг2 → ВгН2С - СН2Вr
Бромдау реакциясы алкендердің сапалық реакциясы болып табылады, бромның түссізденуі бойынша алкендерді сапальщ анықтауға болады.
Алкендердің фтормен әрекеттесуі шабытты жүреді, ал йодпен әрекеттесуі баяу жүреді.
Этиленге хлор қосып, дихлорэтан С2Н4С12 алуға да болады.

  1. Галогенсутпектперді қосу. Алкендерге галогенсутектердің қосылуы оңай жүріп,нәтижесінде, галогеналкандар түзіледі: H2C = CH2 + Н - Сl → H3C - СН2Сl Қосылу реакцияларының жылдамдығы, галогенсутек қышқылының күші өсуіне байланысты артады:

HF < HCl < НВг < HI


Галогенсутектердің симметриялы емес алкендерге қосылу реакциялары В. В. Марковников ережесі бойынша жүреді. Галогенсутектің сутек атомы сутек көп көміртек атомына, ал галоген сутек аз көміртпек атомына қосылады: H2С = СН3 - СН + Н - Вг → Н3C - СНВг - CH3
sp2-гибридтенген көміртек атомының электртерістігі sp3- гибридтенген көміртек атомына қарағанда жоғары. Сондықтан пропен молекуласындағы дара байланыстың электрон тығыздығы ортаңгы sp2-гибридтенген көміртек атомына қарай ығысады. Соның әсерінен қозғалғыш π-байланыстың электрондары шеткі көміртек атомына қарай ауысады, яғни [δ2-] < [δ1-]
Галогенсутек молекуласы полюсті Нδ+ — Xδ- болатынын білесіңдер. Теріс заряды көбірек көміртек атомына реагенттің оң зарядты бөлігі (галогенсутектегі сутек атомы) келіп қосылады.
Ал қалған бөлігі қос байланыс жанындағы екінші көміртек атомына қосылады.
4. Гидраттану. Алкендер қос байланыс бойынша су молекуласын қосып алып, сәйкес спирттер түзеді:

H2C=CH2 + H - OH —>H3C - CH2OH


Бұл реакцияның өнеркәсіптік маңызы зор.
Пропен молекуласына судың қосылуы Марковников ережесі бойынша жүріп, пропанол-1 емес, пропанол-2 түзіледі:
СH3—СH =CH2 + H - OH —> H3C - CHOH-CH3 5. Этиленді полимерлеп, полиэтилен алады.
Тотығу реакциялары. Алкендер алкандармен салыстырғанда оңай тотығады.

  1. Алкендердің қалыпты жағдайда тотығуы. Этиленді калий перманганатының ерітіндісіарқылы өткізсе, оның күлгін түсі жойылып кетеді. Бұл перманганаттың этиленді тотықтыратындығын көрсетеді. Реакция нәтижесінде екіатомды спирт — этиленгликоль түзіледі.

  2. Қатаң жағдайларда тотықтырғанда (күкірт қышқылы, перманганат немесе хром қоспасы

катысында) алкен молекуласының қос байланысы үзіліп, оттекті органикалық қосылыстар түзіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет