1.Айналу денелерінің өзара қиылысуы Айналу беттерінің қиылысу сызығы кеңістіктік тұйық қисық сызық, дербес жағдайда жазық қисық сызықтар болады. Беттердің қиылысу сызығын салу үшін көмекші қиюшы беттер қолданылады. Көпшілік жағдайда көмекші беттерге дербес жағдайдағы жазықтықтарды алады. Есептің берілуіне байланысты қиюшы жазықтықтарды беттерді қарапайымсызықтар (түзу, шеңбер) бойымен қиып өтетіндей жағдайда таңдап алынады. Сызбада қиылысу сызығын анықтауға қажетті нүктелердің бірнешеуін тапса жеткілікті.
Егер айналу денелерінде бір жалпы осі болса, онда олардың өзара қиылысу сызығы шеңбер болады-екі айналу денесі үшін жалпы параллель, олар ортогональды проекцияларда бір проекцияда шеңбер, ал басқаларында түзу сызық ретінде бейнеленген
№26 Билет
1.Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілінің негізі Проекция алмастыру тәсілінің қолдану үшін алдын ала проекциялаушы сәулелердің проекция жазықтығына қарағандағы бағыты s-ты білу керек. Проекциялаушы сәулелердің алмастыру тыәсілі бойынша негізгі бағытына байланысты параллель проекциялау қиғаш бұрыштап және тік бұрыштап проекциялау деп екі түрге бөлінеді.
Сонымен қандай да болмасын нүктенің екі проекциялар жазық- тықтарының жүйесіндегі проекциялары проекция осіне перпендикуляр және осы осьпен бір нүктеде қиылысатын түзулердің бойында орналасады. Нүктенің тереңдігі горизонталь проекция жазықтығына, ал биіктігі фронталь проекция жазықтығына проекцияланады. Сөйтіп, кез келген нүктенің екі проекция жазықтықтарына түсірілген проекциялары оның кеңістіктегі орнын толық анықтайды.
Бұл түзу барлық проекция жазықтықтарына көлбеу болып орналасқан, яғни ол ешбір проекция жазықтығына параллель де, перпендикуляр да емес. Мұндай түзулерді жалпы жағдай түзуі деп атайды. Эпюрде олардың проекциялары проекция осьтерінің барлығына көлбеу болып орналасады. Олар проекция жазықтықтарына бұрмаланып түседі. Сондықтан жалпы жағдай түзулерінің проек- циялары олардың өзіне қарағанда қысқа болады.