1-Билет Тауартанудың пәні және мазмұны


Ұйымның қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау



бет10/70
Дата19.06.2020
өлшемі125,5 Kb.
#74021
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70
Байланысты:
экзамин жауаптары
Isakova Karjilik esep
4.Ұйымның қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау

4)Кәсіпорын (қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

1) Қорытындылаушы;

2) Техника-экономикалық.

Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі (еңбек сыйымдылығы) қор қайтарымдылығы (қор сыйымдылығы), материалдар қайтарымдылығы (материал сыйымдылығы), капитал салудың қайтарымдылығы (капитал сыйымдылығы) жатады. Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т.б; энергия, жанар-жағармай, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет