1-Билет Тауартанудың пәні және мазмұны


Тауар ақпаратының түрлері мен формалары



бет52/70
Дата19.06.2020
өлшемі125,5 Kb.
#74021
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
Байланысты:
экзамин жауаптары


2. Тауар ақпаратының түрлері мен формалары
2)Тауарлы ақпарат деген коммерциялық іс-әрекеттің субъектілері мен тұтынушылар үшін арналған тауар туралы мәлімет.
Тауарлы ақпаратты пайдалану мақсатына қарай 3 түрге бөленеді: негізгі, коммерциялық және тұтынушылық.
Негізгі тауарлы ақпарат дегеніміз нарықтық қатынастар субъектілері үшін арналған және идентификациялау үшін шешуші мәнге ие тауар туралы негізгі мәлімет.
Коммерциялық тауарлы ақпарат дегеніміз өндіруші, жеткізуші мен сатушы үшін арналған және негізгі ақпаратты толықтыратын тауар туралы мәлімет.
Тұтынушылық тауарлы ақпарат дегеніміз тұтынушылық талғамдарды қалыптастыруға арналған тауар туралы мәлімет.
Тауарлы ақпараттың формалары:
• сөздік;
• цифрлік;
суреттік;
символдық; • штрихтік.
Сөздік ақпарат дегеніміз белгілі бір тілде жазылатын қарапайым адамдар оқи алатын қысқаша мәтін.
Цифрлік ақпарат дегеніміз көбінесе, сөздік ақпаратты толықтыру үшін және тауар туралы сандық сипаттамасы қажет кезде қолданылады. Мысалы, өнімнің нөмері, кәсіпорын, нетто-салмағы, ұзындығы, мерзімі және т.с.с.
Суреттік ақпарат дегеніміз көркем және графикалық суреттер көмегімен тауар туралы мәліметтерді көрушілік және эмоционалды қабылдауды қамтамасыз етеді.
Символдық ақпарат дегеніміз ақпараттық белгілер көмегімен берілетін тауар туралы мәлімет.
Штрихтік ақпарат (немесе штрих код) деген штрих және сан күйінде кодталған, тауар туралы ақпаратты есепке алу және идентификациялау үшін арналған белгілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет