1.Безгектің этиологиясы, эпидемиологиясы.
Df: Безгек-қызба, гепатоспленомегалия және анемиямен, циклді түрде өтетін жедел трансмиссивті протеозойлы ауру.Этиологиясы: Безгектің қоздырғышы қарапайым типіне Protozaе, споровик классына Sporozoa, Plazmodium тұқымдасына жатады.Қазіргі кезде 70 түрден астам қоздырғыш белгілі.Адам организіміне паразиттік тіршілік ететін 4 түрі:
1.Pl viva-3 күндік безгектің қоздырғышы.
2.Pl malaria-4күндік безгектің қоздырғышы.
3.Pl talciparum-тропикалық безгектің қоздырғышы.
4.Pl ovale-3 күндік овальді безгектің қоздырғышы.
Безгек паразиттері өзінің даму бағытында 2 циклден өтеді.
1.Жыныстық цикл(спорогания) маса организімінде өтеді.
2.Жыныссыз цикл(шизогония) бұл адам организімінде өтетін процесс.
Anopheles тұқымының масалары науқас адамнан паразит тасымалдаушыдан зақымдалады.Қанмен бірге масаның асқазанына плазмодийлердің жыныстық түрлері(еркек және ұрғашы) гаметоциттер түседі.Осындай маса шаққан кезде спорозоиттар жараға түседі.Одан кейін қанмен, лимфамен гепотоциттерге түседі.Гепатоциттерде тіндік шизигония өтеді.Тіндік шизигония фазасы безгектің барлық түрлерінде инкубациялық кезеңге сәйкес келеді. Иммунитеті:Безгекті негізінде барлық адамдар қабылдайды.Ауырып болғанан кейін иммунитет құрылады, плазмоидтың арнайы түрі мен штаммына байланысты тұрақты болады.Эпидемиолгиясы:Безгекке эндемиялық таралу тән су жерлерде, Анофелес масаларының көбеюіне жағдайы қолайлы жерлерде таралады. Инфекция көзі-науқас адам, паразит тасымалдаушы. Зақымдалу жолдары:
1.Негізгі жол трансмиссивті-ұрғашы масаның шығуы арқылы.
2.Құрсақ ішінде(плацента арқылы немесе босану процесінде).
3.Паразит тасымалдаушыдан қан құйған жағдайда (донорлар).
Безгекпен сырқаттану жағдайына әсер ететін жағдайлар:
1.Анофелес тұқымдас масаның саны.
2.Жыл уақыты көбінесе жаз айларында тарайды.
3.Ортаның температурасы, себебі спорогания процесінің жылдамдығы, сыртқы температураға байланысты, бұл процесс +16 °дан жоғары температура болуы мүмкін.Неғұрлым жоғары болса, соғұрлым процесс жылдам өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |