1 билет Туляремияның этиологиясы, эпидемиологиясы. Fracicella tulerensis


Сіреспенің клиникалық көріністері



бет2/79
Дата22.06.2020
өлшемі117,33 Kb.
#74257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
zhukpa bilet

2.Сіреспенің клиникалық көріністері.

Сіреспе Клиникалық көріністері. Жасырың кезеңі - 1-21 күн, көбіне 1-2 апта, бірақ 30 күннен артық болуы мүмкін. Аурудың клиникасы жара жазылғаннан кейін басталуы мүмкін. Қысқа жасырың кезеңнен кейін сіреспенің ауыр түрлері дамиды. Сіреспенің басталуы жедел. Нышандардың классикалық триадасы дамиды:Тризм – шайнау бұлшық еттерінің керіліп тырысуы, ауыз ашуы қиындайды.Сардоникалық жымию – мимикалық бұлшық еттерінің тырысуы. Бұл кезде адам бір жағынан күліп, бір жағынан жылап тұрғандай болады, маңдайы әжімденіп, ауызы керіліп, езуі түсіп тұрады..Дисфагия – жұтқыншақ бұлшық еттерінің керуілінің әсерінен жұтыну қиындайды.Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі және ауру сезімі байқалады. Басы артқа қарай тартылып, аяқ қолдардардың бұлшық еттері тартылады, денесі созылып доға тәрізді иіледі - опистотонус. Іш бұлшық еттерінің тартылуы нәтижесінде іш тақтай тәрізді болады. Тырысулар шудан кейін, жарықтан кейін, аздаған шайқалудан дамуы мүмкін. Тырысулар бірнеше секундтан бірнеше минутқа созылады, жиілігі аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты. Жеңіл дәрежесінде тәулігіне 1-2 рет, ауыр түрлерінде үздіксіз, сағатына 10-шақты ұстамалары қайталанып отырады. Науқас өте әлсірейді, қызуы көтеріледі – 41-42°, терлейді, зәр шығару мен дефекация қиындады, ұйқысыздық байқалады. Ал науқастың санасы болады. Тахикардия, жүрек тондары тұйықталған, гипертензия байқалады. Ошақты және менингеалді симптомдар болмайды. Ішкі ағзаларда өзгеріс болмайды. Қанның, зәрдің, ликвордың лабораториялық көрсеткіштерлері қалыпты.

Сіреспе кезіндігі бұлшық еттердің зақымдалуының ерекшіліктері:Тұрақты гипертонус,Тек қана ірі бұлшық еттер зақымданады,Бұлшық еттердің жоғары ауру сезімі байқалады,Бұлшық еттер жоғарыдан төмен қарай зақымданадыСіреспенің жіктелуі



///Инфекцияның кіру қақпаларына байланысы:

//Жарақаттық сіреспе (жарақаттанудан, операциядан, босанғаннан, күйіктен, үсінгеннен, электрожарақаттан кейін);//Қабыну және деструктивті процесстер (ойық жара, терінің ойылуы, ісіктердің ыдыруы) нәтижесінде дамитын сіреспе;криптогенді сіреспе (инфекцияның кіру қақпалары анықталмаған).II. Таралуы бойынша:

Жайылмалы сіреспе,Жергілікті сіреспе,Жергілікті жара аймағында – сирек кездеседі. Жарақаттанған аймақтың бұлшық еттерінде ауру сезімі болады, бұлшық еттердің гипертонусы, кернеуі, тырысулары байқалады. Жұлынның зақымдануынан процесс жайылмалы түрге аусуы мүмкін.

=Бульбарлы немесе Бруннер сіреспесі – бұл кезде сопақша ми мен жұлынның жоғары бөліктері зақымдалады. Жүрек немесе тыныс алу салдануының әсерінен науқас өлімге ұшырайды.



Ш.Ағымының ауырлығы бойынша Жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр

IV. Асқынулар бойынша А. Ерте: бронхит, аспирациялық, гипостатикалық пневмония, ателектаз, асфиксия, миокард инфаркты, жүрек салдануы, миокардит, омыртқалардың сынуы, бұлшық еттердің жыртылуы.Б. Кеш: ұзақ тахикардия және гипотензия, жалпы әлсіздік, омыртқа жотасының деформациясы, бұлшық еттермен буындардың контрактурасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет