1 билет Туляремияның этиологиясы, эпидемиологиясы. Fracicella tulerensis


Тағамдық токсикоинфекцияларның клиникалық көріністері



бет49/79
Дата22.06.2020
өлшемі117,33 Kb.
#74257
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
Байланысты:
zhukpa bilet

2.Тағамдық токсикоинфекцияларның клиникалық көріністері. ТТИ— циклді ағымды аурулар.  Инкубациялық кезең 30 минуттан -24 сағатқа дейін (көбінесе 2-6 сағат). Ауру интоксикация симптомдары мен асқазан-ішектің бұзылыстармен білініп басталады. Интоксикацияның алғашқы белгілерімен қатар (әлсіздік, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, бұлшықеттерде, әсіресе, балтыр бұлшықеттерінде, буындарда ауырсыну т.б.) аурудың басталуынан және бүкіл барысында асқазан мен ішектің зақымдалу симптомдары кездеседі. Олар көбіне гастрит немесе гастроэнтерит, гастроэнтероколит түрінде көрінеді. Әдетте барлық асқазан-ішек жолы зақымдалады.Аурудың толық клиникалық көрінісі 1-2 тәулік ішінде көрінеді. Гастриттік синдром 4-5%-да кездеседі. Ауруда интоксикация белгілерімен қатар, жедел гастриттің көріністері байқалады: жүрек айну, қайталама құсу, эпигастрий аймағындағы ауырсыну мен ауыру сезімі. Құсықта алғашында тағам қалдықтары болса, кейін өт аралас болуы мүмкін.

Тағамдық токсикоинфекция жиірек гастроэнтериттік синдроммен сипатталады. Жалпы улану белгілерімен қатар жедел гастриттен соң энтерит басталады, яғни іш өту болады. Алғашқыда нәжіс ботқа тәрізді болса, соңынан сулы консистенция түріне ауысады. Қан аралас болмайды. Нәжістің бөлінуі көп мөлшерде, сары немесе сары-жасыл түсті, қышқыл иісті, кейде көпіршікті. Жиілігі тәулігіне 3-5-тен 15-20 ретке дейін, жеңілдік әкеледі. Ауру адамда ішінің қатты толғақ тәрізді, белгілі бір локализациясы жоқ ауыру сезімі пайда болады. Пальпация кезінде ішінің кепкені, диффузды ауырсыну, перистальтиканың күшеюі байқалады. Гастроэнтерколиттік синдромда тоқ ішекте патологиялық үрдіске екіншілік түрде дамиды, яғни ащы ішекте сіңбеген және қорытылмаған тағамдардың тез уақытта тоқ ішекке өтуі. Бұл кезде оң жақты колиттің көріністері байқалады. Энтероколиттік синдром кезінде тоқ ішек бірінші болып зақымдалады, энтерит белгілері қосылып жүреді. Ішінің ауыруы көбіне төменгі немесе сол жақ мықын аймағында болады. Пальпация кезінде сигма тәрізді ішектің жиырлуы және ауырсыну сезімі байқалады. Дәреті тәулігіне 15-20 рет болуы мүмкін. Аз мөлшердегі нәжісінде шырышы көбірек және қан қосындылары кезігеді. Ауру көбінесе 1-3 күн өтеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет