1.Бруцеллездің этиологиясы, эпидемиологиясы. Бруцеллез (мальта қызбасы)толқын тәрізді рецидивті және созылмалы өту бағытымен бейнеленетін клиникасы бойынша көптеген жүйе, мүше зақымынан п.б полиморфты көрінспен байқалатын инфекциялық-аллергиялық негізде туатын зоонозды ауру. Этиологиясы.Қоздырғышы Brucella, ал сырқат бруцелла Micro cocus melitensis – алғашқы атауы. Қазіргі таңда бруцеллез қоздырғышының 6 түрі белгілі Br. melitensis – қой, Br. abortus – ірі қара малдың жыныс безі қабынғанда(төлдеу кезінде), Br. cauris, Br. neotomae – шар тәрізді, Br. suis. Қоздырғыштар қозғалмайтын, грамтеріс, спора ж/е капсула түзбейді, әдеттегі қоректік орталарда өседі. Бірақта өте баяу өсетін ерекшелігі бар (3-4 апта, кейде одан да көп). Сыртқы ортада өте төзімді сүт, ет тағамдарда қоздырғыштар 10-45 тәулікке дейін, суда кейде 4айға дейін, бірақ қайнатқанда қоздырғыш тез жойылады.Эпидемиологиясы. Нағыз зооноз. Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі тек қана ауылшаруашылық малдар (І-ешкі, қой, ІІ-шошқа, ірі мал). Таралу механизмі: алиментарлы, сүт, ет тағамдары; контактілі (тері жабындылары); аэрогенді (ауа-шаң арқылы). Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.