3.Бруцеллездің лабораторлық диагностикасы, емдеуі. Бруц-дің клиникалық формасына байланысты жүргізіледі. Жедел бруцеллезге күмәнданған кезде келесі аурулармен салыстырған жөн: іщ сүзегі, қу қызба, грипп, эпидемиялық бөртпе сүзегі ж/е басқа қызбалар, гепатолениальді синдроммен өтетін аурулар.Лабораторлы диагностика. А) қоздырғыш пен антигенді бөлу – бактериологиялық әдіс, иммуноферментті анализ (ИФА);Б) спецификалық антиденелерді айқындау – Хеддельсон, Райт агглютинация реа. Кумбс реа. т.б. В) организмдегі аллергиялық өзгерістерді байқау – Бюрне теріаллергиялық байқауы. Гемокультураның болуы үшін қанды дене қызуы жоғары кездерде ж/е қызба қалыпты кезінде алуға болады.Серологиялық реакцияға қанды сырқаттың 2-ші аптасында 10-14 күннен кейін алады. Серологиялық реа-лар қорытындыларының диагностикалық маңызы салыстырмалы. Перифериялық қан анализінде бруцеллезге лейкопения, салыстырмалы лимфо-моноцитоз, бірақ ЭТЖ жоғарылауы лайықты. Емдеуі ж/е күтімі. Әлі күнге дейін күрделі, толық шешілмеген. Бруц-бен ауырғандардың емі неғұрлым ертерек басталынып, осы науқастың клиникасына сәйкес патогенетикалық дәлелдеумен комплексті түрінде жүргізілуі керек. Емдеу комплексіне этиотропты, қабынуға қарсы, дезинтоксикациялық, антигистаминды, симптоматикалық преп ж/. витаминдер мен физиопроцедуралар кіреді. Емдеуді стационарда өткізген жөн. Ем сырқаттың клиникалық формасына, ауырлығына, зақымданған жүйе мүше көріністеріне қарай жүргізіледі.Этиотропты ем. Жедел, жеделдеу, созылмалы бруц-дің декомпенсация ж/е суперинфекция кезінде жүргізіледі. Ем үздіксіз 1ай бойы а/б аауыстырумен өтеді.Дезинтоксикациялық ем. тек қана айқын интоксикация синдромымен ауыр н/е орташа ауырлық ағымда қажет.Қабынуға қарсы ем стероидты емес қатарының преп қолд.(диклофенак, аспирин, т.б.). Иммунды статусты бағалау, иммуно-коррекциялық ем қолданған жөн, ол үшін левомизол, тимоми, тактивин ж/е басқа преп. қолдануда. Науқастанған адам клиникалық сауығу қалыптасқан кезде шығарылады.