Диагностикасы: Клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтерге сүйену. Арнайы диагностика үшін вирусологиялық және серологиялық әдістер қолданылады. Арнайы әдіс биохимиялық әдіс, оның ішінде Алт ферментінің белсенділігін анықтау. 2-3 аптадан кейін пайда болады. Жалпы билирубин және оның бөлшектері көбейеді.Емдеуі: Ауырғанына байланысты жүргізіледі. Ең жеңілі үй жағдайында емделеді. Орташа ауырлық және ауыр жағдайда науқас міндетті түрде ауруханада емделу керек.Емі комплексті: Режим, диета №5 стол, патогенетикалық ем, симптоматикалық ем.Алдын-алу шаралары: Санитарлық гигиеналық шараларды сақтау және оны насихаттау.