1 билет Туляремияның этиологиясы, эпидемиологиясы. Fracicella tulerensis


Лептоспироздың этиологиясы, эпидемиологиясы. Анықтама



бет59/79
Дата22.06.2020
өлшемі117,33 Kb.
#74257
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79
Байланысты:
zhukpa bilet

1.Лептоспироздың этиологиясы, эпидемиологиясы. Анықтама:Leptospira туыстығына жататын қоздырғыштармен шақырылатын, зооноздар тобына жататын, бүйрек, бауыр ж/е жүйке жүйесінің зақымға ұшырауымен, қызбамен, миалигиялармен, улану, геморрагиялық синдроммен сипатталатын табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру.Тақырып өзектілігі. Лептоспиралар кең таралған ауру. Өлім-жітімділігі жоғары көрсеткіштерде: 3-10%-тен 25-40%.Этиологиясы. Лептоспироздың қоздырғышы- лептоспиралар Spirochaetaceae тұқымдастығына, Leptospiraceae туыстығына жатады. Олар 2түрге бөлінеді: паразиттік Interrogans және сапрофиттік Bifluxa. Лептоспиралар – ирекше, грам теріс микроорганизм. Қанның сарысуы қосылған арнайы орталарда өседі. Л. морфологиялық жағынан сансыз көп ұсақ шиыршықтанумен (15-20) ерекшеленген. Олардың денесінің артқы жағы ілмек тәрізді бүгілген. Л. жылжымалы, олардың үдемелі, айналмалы, бүгілмелі қозғалыстары байқалған. Л. төменгі ауа температурасына тұрақты, суда 2-3 апта, ылғалды топырақта 3айға дейін тіршілік етеді. Сол себептен гидрофильдарға жатады. Бірақ, лептоспиралардың ультрафиолет сәулесіне, қышқылдарға, дезинфекциялаушы заттарға, сілтілерге, қыздыруға тұрақтылығы аз. Эпидемиологиясы. Л. табиғи ошақты зооноз. Ауру көзі әр түрлі жабайы ж/е ауылшаруашылық жануарлар. Жануарлардың арасында ауру урино-оральді механизм арқылы тарайды. Ауру жануарлар қоздырғышты зәр арқылы бөліп суды, топырақты, шөпті залалдап аурудың табиғи ж/е антропургиялық (шаруашылық) ошақтары п.б. табиғи ошақтарда ауру көзі – жабайы жануарлар: кеміргіштер, кірпілер,дала ж/е су тышқандары.Антропургиялық ошақтарда ауру көзі – ауылшаруашылық жануарлар (әсіресе, ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқалар). Қалалық ошақтарда ауру негізгі көзі – қара ж/е сұр егеуқұйрықтар, иттер. Олардың эпидемиологиялық рөлі өте маңызды. Адам ауру көзі болып табылмайды! Аурудың берілу жолдары: 1.контактілі-тері, шырышты қабықшалар арқ; 2.алиментарлы- тағам ж/е залалданған су. Ауруға барлық жастағы адамдар сезімтал, жиі ересектер мен жасөспірімдер ауырады. Қауіпті топтарға –ауылшаруашылық жұмысшылары, ет комбинатының қызметкерлері, күріш өсіріп жинайтын адамдар, ветеринарлар, зоотехниктер, аңшылар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет