1 билет Туляремияның этиологиясы, эпидемиологиясы. Fracicella tulerensis



бет57/79
Дата22.06.2020
өлшемі117,33 Kb.
#74257
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79
Байланысты:
zhukpa bilet

Инфекция көзі. Жабайы кемірушілер. Адамда инфекция көзі болуы мүмкін әсіресе өкпе түрінде. Таралу жолдары. Негізгі жол трансмиссивті бүргелер арқылы. Сонымен бірге: зақымданған тері жабындылар, контакт, ауа тамшылы, ауа шаңды, алиментарлы. Обаға мерзімділік тән. Ал инфекция көзі мен тасымалдаушылық биологиялық белсенділігіне байланысты. Егер суыр болса- ауал шаңдық жаз кезінен жғары. Тышқан -күз, қыс мерзімі. Егеуқұйрық болса - жыл бойы.

2.Бруцеллездің клиникалық көріністері. Жеңіл, орташа, ауыр және латентті түрде. Науқас жағдайына қарай: компенсация, субкомпенсация және декомпенсация сатасынан тұрады. Инкубациялық кезең орташа 2-3апта бойы, кейде 4апта ж/е одан ұзақ созылуы мүмкін. Бруцеллезге қарсы егілген адамдарда инкубациялық кезең 6айға дейін созылуы мүмкін. Жедел бр. клиникасы. Бактериемия мен токсинемия әсерінен туғандықтан негізгі клиникалық синдромы жалпы интоксикация белгілері болып табылады. Сырқат көбінесе жедел басталады. Біртіндеп басталған кезде, науқастанған адамда байқалатын белгілер: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, өзін нашар сезіну, б.еттері мен сүйек буындарының ауырсынулары. Бұл белгілер 1неше күннен 1неше аптаға дейін созылуы мүмкін. Маңызды белгінің бірі-қызба-ерекшеліктері: а) дене қызуының жоғарылауы 1неше сағ, кейде 1-3 тәулік б) қалтырау және терлеумен өтеді в) қызбаның ұзақтығы аптадан айға дейін г) қызба қиғашы келесі түрлерде болуына байланысты: толқын тәрізді, дұрыс емес, интермиттерлі, субфебрильді. Қызбаның тағы ерекшелігі: науқастанған адам 38-39С, сезбей жұмыстарын атқара береді. Науқастанған адамның беті біраз ісініп, бозарып көрінеді. 3-4% науқастарда денесіне әр түрлі бөртпе шығуы мүмкін. Ұзақ қызба кезінде тершеңдікке және тәбетінің төмендеуіне байланысты дене салмағы азаяды. Жедел бруцеллездің өту бағыты толқын тәрізді болады (қоздырғыш біртіндеп қанға шығуына сәйкес). Жеделдеу бр. клиникасы. Патогенезінде аллергиялық фактордың әсерінен әр түрлі жүйе ағзаларда ошақтар құрыла бастайды. Сондықтан клиникасында 2 синдром болады:жалпы интоксикация- ағзалардың зақымдануымен көрінетін синдром. Айқын клиникалық көріністері ошақты зақымдарымен қалыптасады. Патологиялық процесс көбінесе тірек-қимыл жүйеде орналасып, келесі белгілерімен көрінеді – полиартралгия, полиартрит (көбінесе ірі буындар зақымымен), бурсит, спонидилоартрит, спондилит, т.б. ОЖЖ зақымдануы – менингит, энцефалит, менингоэнецефалит, миелит, полиневрит, психоз түрлерінде көрінуі мүмкін. Жүрек тамыр жүйесіэндокардит, миокардит, кейде перикардит деген ошақтар қалыптасуы мүмкін. Зәр шығару ж/е жыныс ағзалары бруцеллездажиі зақымға ұшырап, келесі түрде өтеді: нефрит, нефроз, орхит, орхоэпи-димит. Әйел адамдарда – түсіктер, етеккір циклының бұзылуы, бала көтермейтін жағдайлар. Процесс бағытында қайталанған генерализация себебінен жеделдеу бруцеллездің өту бағытында жаңа ошақтар қосылып көрінеді. 10-15% науқастарда 1неше жүйе мүшелерінің зақымдануы қатарласуы мүмкін. Бұл фазада инфекциялық процес аяқталып, ауырған адам сауығып кетуі мүмкін. Дегенмен, қақ жартысында процес(48%) созылмалы формаға өтеді. Созылмалы бр. белгілері. Патогенезінде аллергиялық фактор басым болғандықтан, клиникалық көріністері полиморфты ж/е ауыспалы түрде өтеді, ал иммунологиялық бұзылыстары сырқаттың прогрессивті бағытын себептендіреді. Әр түрлі жүйенің басым түрде зақымына Г.П.Руднев созылмалы бр-ді келесі түрде жіктеген:1. Висцеральді түрі – жүрек тамыр ж., өкпе зақымымен, гепатониальді;2. Тірек-қимыл зақымы өтетін түрі – буын, сүйек, жұмсақ дәнекерлер, аралас зақымымен;3. Нервті түрі – ожж, перифериялық ж. зақымы, психо бруцеллез. 4. Урогенитальді түрі. 5. Аралас ж. Зақымымен. созылмалы бруцеллез микс ( басқа аурулармен аралас). Рецидуальді бр. Созылмалы бр. кезінде қалыптасқан өзгерістер, кейде қайтымсыз органикалық ж/е функциональді процеске бітіп көп жылдар сақталып мазалайды. Бұл кезде негізгі инфекциялық процес аяқталады, тексерген кезде бруцеллез дәлелденбейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет