2) Бұрыштың коэффициентпен берілген түзудің теңдеуі
9.1 –сурет– жазықтығындағы кез келген түзу
Oxy жазықтығында Oy осіне параллель емес кез-келген түзу берілсін. Бұл түзу N(0, b) нүктесінің b ординатасымен Оу қиылысы және Ох осімен түзудің арасындағы бұрышы анықталады (9.1-суретті қара). Түзу бойынан кез-келген М(х, у) нүктесін аламыз. N нүктесі арқылы Ox осіне параллель осін жүргіземіз және олар бірдей бағытталған. осі мен түзудің арасындағы бұрышы -ға тең. жүйесінде М нүктесінің координаталары x және y-b тең. Тангенс бұрышының анықтамасынан
(9.1)
аламыз, яғни
,
(9.2)
деп белгілесек, онда
𝑦=k∙𝑥+𝑏,
(9.3)
теңдеуін аламыз, ол кез-келген M(x, y) нүктесінің координаталарын қанағаттандырады. Түзуден тыс жатқан кез-келген P(x, y) нүктесін (9.1) теңдеуі қанағаттандырмайды. k=tgα саны түзудің бұрыштық коэффициенті, ал (9.1) теңдеуі бұрыштық коэффициентімен берілген түзудің теңдеуідеп аталады. Егер түзу координаталар басы арқылы өтсе, онда b=0 болады, демек бұл түзудің теңдеуі y=kx түрінде болады. Егер түзу Ox осіне параллель болса, онда болады, демек k=tg =0 (9.1) теңдеуі y=b түріне келеді.