1 Биологиялық материалдан сілтілерді оқшаулау үшін сумен тұндыру әдісі қолданылады. Алынған су сығындыларына қолданатын тазалау әдістің ерекшелігі және маңыздылығы. Жауабы


Оқшаулау - су буымен дистильдеу. Реакция барысы



бет4/4
Дата22.05.2022
өлшемі248,97 Kb.
#144671
1   2   3   4
Байланысты:
диализ Туймебаева

Оқшаулау - су буымен дистильдеу.
Реакция барысы: Салицил альдегидімен реакция.Буланған эфирден қалған фарфор ыдысқа 1 мл этил спиртіндегі салицил альдегидінің 1% ерітіндісін жҽне 3 мл концентрленген күкірт қышқылын қосады. Ыдыстағы ерітіндіні пробиркаға құйып, қайнаған су моншасына 3 минутқа қояды,нәтижесінде қызғылт-қызыл түс пайда болады. Изоамил спиртінің едәуір мөлшері болса, бояу қызусыз пайда болуы мүмкін.
Токсикант 2этиленгликоль, токсикологиялық маңызы бар, екі атомды спирт
ХТА жүргізу үшін обьект: бауыр, асқазан ішіндегісімен


Метаболизмі: күрделі процесс: әуелі гликоль альдегидіне НО-СН2-СНО дейін, әрі қарай гликоль қышқылына НО-СН2-СООН дейін тотығады. Соңғы өнім көміртек косидіне жҽне құмырсқа қышқылына ыдырайды. Денеде этиленгликольдің бір бөлігі қымыздық қышқылына айналады, ол бүйрек арналарында оксалаттар бөлінуі нҽтижесінде бүйректердің зақымдануына себеп болады. Денеден шығарылуы: несеппен және деммен
Оқшаулау- арнайы аппаратта Н.Б.Лапкина мен В. А. Назаренко ұсынған әдіс бойынша бензолмен айдау.
Селективті агент: бензол
Жүргізу барысы: 10 г объектіге кристалдық қымыздық қышқылын қосады, қоймалжың ботқа алынғанша ұнтақтай араластырады, 50 мл бензол қосады. Колбаны су жинағышпен 2 жабдықталған тік қойылған салқыдатқышпен 3 жабады. Кейін колбаны қыздырады. Бензол булары жҽне олармен ілескен су мен этиленгликоль салқындатқышқа конденсацияланып, арнаулы жинағышқа түседі. Бұл тетікте (сұғындырмада) бензол (тығыздығы 0,879) судың үстінде болғандықтан, ол колбаға қайта құйылады. Су мен ондағы этиленгликоль сұғындырмада қалады. Айдау біткен соң, құралды ажыратады жҽне талдау үшін сұйықтықтың қажетті мҿлшерін сұғындырмадан пипеткамен алады.
Этиленгликольді ашу: Этиленгликольді ашу үшін түсті жҽне микрокристаллоскопиялық реакцияларды қолданады
Мыс сульфатымен реакциясы. Этиленгликольге мыс сульфатымен сілті қосса, көк түске боялған қосылыс түзіледі:
2-3мл зерттелетін ерітіндіге 1-2 мл 10% натрий гидроксиді ерітіндісін жҽне бірнеше тамшы 10% мыс сульфаты ерітіндісін қосады. Көгілдір бояудың пайда болуы ерітіндіде этиленгликоль барлығын көрсетеді.
Қорытынды: Химиялық токсикологиялық зерттеу жүргізу барысында 2 токсикант анықталды, олар : изоамил спирті және этиленгликоль. Этил спиртіне қарағанда изоамил спирті 10 есе улану дәрежесі жоғары. Ол орталық жүйке жүйесіне әсер етеді және жоғарыда айтылған көріністерді(іштің ауыруы және күйдіру, бас ауруы пайда болды, кейінірек естің шатасуы, цианоз) көрсетеді. Бұл улану кездейсоқ және өткір. Бұл токсиканттар ұшқыш улар болып табылады, сондықтан улану біріктірілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет