8.Трансмембраналық тасымалдау әдістері.Мембрана арқылы (трансмембраналық)заттардың өткізілуі.Жасуша цитоплазмасының маңызды қызметтерінің бірі-заттар ағынын қамтамасыз ету болып табылады. Заттар ағыны дегеніміз: біріншіден жасуша ішінде, кедір-бүдыр эндоплазмалық торда синтезделген ақуыздардың органеллалар арасында әрлі-берлі тасымалдануы; екіншіден көптеген жасушалар мен ұлпаларда синтезделген пептидтік гормондардың,асқорыту ферменттерінің, антиденелердің, өсу факторларының және басқа да секреторлық молекулалардың жасуша сыртына шығарылуы; үшіншіденсыртқы ортадан жасушаға үнемі әртүрлі заттардың өткізілуі.Заттардың жасушаішілік-везикулалық тасымалдануының әмбебап және тиімді құралы болып тасымалдану (мембрана) кѳпіршіктері (липосомалар,мицеллийлар) арқылы секреторлық механизм негізінде тасымалдануы болып табылады. Везикулалық тасымалдануда тасымалданатын ақуыздар мен липидтер көпіршік (липосома, мицелла) қабырғасын (мембранасын) қрастырады, ал оның қуысында басқа органеллаларға арналған не жасуша сыртына шығарылатын «жүк» молекуласы болады.