Торша мембранасы — торша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе басқа торша қабығынан бөлетін мембрана.
Жасушааралық байланыстар (межклеточные контакты); (лат. junctiones intercellulares junctiones — байланыс, жанасым; грек, inter — аралық, cellula - жасуша) — жасуша кабықшалары — плазмолеммалар араларындағы өзара жанаса байланыс. Жасушааралық байланыстарға: қарапайым жанасу, саңылаулы жанасу, тығыз жанасу, саусақша жанасу (құлып), синапстық байланыс жатады.
1.Қарапайым жанасу —жасушааралық байланыстың ең көп тараған тұрі. Ені 15-20 нм жасушааралық саңылау — көрші жасушалар плазмолеммалары гликокаликс қабаттарының өзара әрекеттесетін аймағы;