1. Биполярлы және өрістік транзисторлардың құрылымын түсіндіріңіз


 Тұрақты токта жұмыс жасайтын сызықты электр тізбектерін есептеу



Pdf көрінісі
бет16/51
Дата28.02.2023
өлшемі0,68 Mb.
#170467
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
АҚС емтихан

19. Тұрақты токта жұмыс жасайтын сызықты электр тізбектерін есептеу 
әдістерін жазыңыз 
Көптеген электр тізбектері сызықтық және сызықтық емес деп екіге бөлінеді. 
Сызықтық элемент – параметрі токтан тәуелсіз болған электр тізбегінің 
элементі. Егер тізбекте бір сызықтық емес элемент болса ол сызықтық емес 
электр тізбегі болады. Ал, қарапайым электр тізбегі әдетте сызықты болып 
келеді.
Электр тізбектерін есептеу үшін Ом заңы мен Кирхгоф заңдары іске 
асырылады. Осы формулалар негізінде электр тізбектерінде орналасқан 
элементтер мен ЭҚК мәндерін таба аламыз.
 
Ом заңы электр тізбек бөлігі үшін: 
Тізбектегі бір тармақтағы ток, кернеу, кедергі мәндерін Ом заңы арқылы 
табамыз. U=RI – бұл резисторға түсетін кернеу болып табылады. Кей жағдада 
электр тізбегін есептеген кезде кедергі арқылы емес, өтімділік 
пайдаланылады. Яғни, Ом заңы үшін мына формула: I = Ug 
Ом заңы толық тізбек үшін: 
Бұл заң ЭҚК мен токтың және толық тізбектің эквиваленттік кедергісі 
арасындағы тәуелділікті анықтайды. 
 
Кирхгофтың бірінші заңы: 
Бір түйінде қарай бағытталған токтардың қосындысы нөлге тең болады. 
Түйінге бағытталған токтар оң таңбамен белгіленсе, кері бағытталғаны теріс 
таңбамен белгіленеді. Яғни, қарама-қарсы бағыттағы токтар өзара тең.
Кирхгофтың екінші заңы: 
Контурдағы барлық элементтердің кернеу түсуінің алгебралық қосындысы 
ЭҚК қосындысына тең болады. (сумма)IR=E(сумма). Оны есептеу үшін 
барлық тармақтағы элементтерге бағыт беру қажет 
20. Электр тізбектерін есептеуде қолданылатын Кирхгоф және Ом 
заңдарын түсіндіріңіз 


Ом заңы бірнеше резисторлардан және электр қозғаушы күштерінен құралған 
электр тізбегінің бөліктерін есептеу үшін қолданылады. Бірақ, эквивалентті 
түрлендіруден соң Ом заңы күрделене түсуі мүмкін. Ом заңын екі контурлы 
электр тізбектің бір тармағындағы токты анықтау үшін және жеке 
элементтердегі кернеулерді есептеу үшін қолданылады.
Ом заңының қолданылу кезеңдері: 
1.
Тармақтар мен түйіндердің санын анықтаймыз. 
2.
Схемадағы эквиваленттік түрленуін жасап, шынайы токтардың бағытын 
береміз. Түйіндерді белгілейміз.
3.
Эквиваленнті параметрлерін есептейміз 
4.
Белгісіз шамаларды анықтаймыз. 
Ом заңы былай тұжырымдалады:
Тізбек бөлігінің кедергісіне кері 
пропоррционал және электр тізбектің бөлігіндегі ток кернеуге тура 
пропорционал. 
Кирхгоф заңдары күрделі электр тізбектерін есептеуде қолданылады.
Кирхгофтың екі заңы бар. 1-заңы тармақталуларында токтардың теңгерімін, 2-
заңы контурдағы кернеулердің теңгерімін сипаттайды. Барлық электр 
тізбегіндегі процестер Киргхгоф заңына бағынады.
Кирхгоф заңының қолдану кезеңдері: 
1.
Тармақтар мен түйіндердің санын анықтаймыз. 
2.
Түйіндер мен тармақтарды анықтап, шынайы токтардың бағытын 
белгілеу керек.
3.
Кирхгофтың 1-заңын
Кирхгофтың 1-заңының тұжырымдамасы: 
бір түйінде қиылысқан барлық 
токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең болады, яғни түйінге бағытталған 
токтардың алгебралық қосындысы түйіннен кері бағытталған токтардың 
алгебралық қосындысына тең болады. 
Кирхгофтың 
2-заңының 
тұжырымдамасы:
контурдағы 
барлық 
элементтердің кернеу түсуінің қосындысы ЭҚК алгебралық қосындысына 
тең. Онда тізбеектегі кез келген контуралағы потенциалдар айырмасының 
алгебралық қосындысы нөлге тең болады. 
Тек қана Ом заңы мен Кирхгоф заңдары арқылы есептелетін электр тізбектері 
бар. Сондықтан, осы заңдардың негізінде есептеудің көптеген ұтымды 
әдістері ойлап табылды. Олар есептің құрылымына қарай таңдалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет