«Байды құдай атқаны», «Опасыз жалған»)
Ш.Қанайұлы өлеңдеріндегі сарындар: (*Елдің ақшаға құнығуын сынау; *Қазақ даласына келген сауданы айыптау; *Патша әкімдерінің озбырлығын сынау)
Шортанбай өлеңдеріндегі азған заман сипаты : (*Адамдар қарым-қатынасының өзгеруі; *Ақша сауда капиталының келуі;* Құныққан байлардың құлқыны)
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906)
Туған жері: Атырау облысы, Қызылқоға өңірі.
Шығармалары: «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең , бір қапы дүние –ай!», «Өлім» , «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны » , «Бір досқа », «Топқа түскендегі толғауы », «Мұраттың жалпыға айтқаны » , «Қыз », т.б. өлеңдері:
Арнау өлеңдері : «Айжарыққа », «Қарақожа болысқа », «Естемір Тұрабай болысқа », т.б.
Толғау –дастандары : «Қарасай –Қази », «Қазтуған », «Шәлгез» ,
Айтыстары : Жылқышымен (17 жасында ) , Бала Оразбен (20жасында ) , Жантолымен , Қаниязбен ,Тыныштықпен , Жаскелеңмен (25 жасында). Жас шағында Есет би мен Абылай ақыннан өнеге алады .мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. «Қырымның қырық батыры» жырын ,Сыпыра жырау , Асан қайғы , Шалкиіз ,Қазтуған ,Жиембет ,т.б.шығармаларын жеткізуші . «Мұраттың Жантолы қызбен айтысы »-оның ақындық қабілет-қарымын жаңаша қырынан танытқан айтыс. Мұрат Мөңкеұлының өмір сүрген жылдары: (1843-1906)
Атақты Есет шешеннен өнеге алған ақын: (Мұрат Мөңкеұлы )
М.Мөңкеұлының 17жасында айтысып жеңген ақыны: (Жылқышы)
М.Мөңкеұлының айтысқы түскен ақындарына жатпайтын ақын :(Сүйінбай )
Беріште Есет , Айтуар , Анайы туған Қарқуар – Солардан қалған бұ дүния , Өлімнің сондай жайты бар, -деген шумақ алынған Мұраттың өлеңі: (Өлім)
Киім кисе ,жеңі жоқ , Етегі бар да , белі жоқ ... Ел биледі бір сымпыс
Екі бұты таралған ,- деген өлең шумағы алынған ақын :(М.Мөңкеұлын)
Болашақ ұрпақтың қамын ойлап зар толғаған үзіндінің авторы
Мен қауіп еткеннен айтамын : Кейінгі туған баланың Ұстай ма деп білегін ,
Шая ма деп жүрегін, Ащы суға тойдырып, Бұза ма деп реңін:( М.Мөңкеұлы)
М.Мөңкеұлының өлеңдері : (Үш қиян ,Өлім , Әттең , бір қапы дүние –ай!)
«Әттең , бір қапы дүние –ай!» өлеңінің авторы :(М.Мөңкеұлы)
Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны . Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны ,-деген үзінді кімнің өлеңінен алынған: (М.Мөңкеұлының)
М.Мөңкеұлының шоқтығы биік толғауы:(Үш қиян)
Асан қайғы , Қазтуған , Орақ , Мамай , Телағыс – Шораның шұбап кеткен жер ,-деген тармақтар алынған шығарма: (Үш қиян)
Заманы қайтіп түзелсін – Ақшасына сүйеніп Қоңсыдан туған би болды .
Айтқан сөзі пұл болды . Ақылсыздың баласы Заманың мұндай сұм болды !.. Үзінді авторы :( М.Мөңкеұлы «Үш қиян»)
М.Мөңкеұлының әдемілік пен сұлулықты суреттеген өлеңі :(Жалғаншы пәни жалғанда).
М.Мөңкеұлының жер ,құтты қоныс жайлы толғаулары : («Сарыарқы»,«Қазтуған »)
атақты жырау Қазтуған жайында толғау –дастан жазған ақын :(М.Мөңкеұлы)
М.Мөңкеұлының хат үлгісінде жазған үш туындысы: («Оқудан қайтқан жігітке хат» , «Еліне жазғаны » , «Бір досқа »)
М.Мөңкеұлының эпостық поэма деуге болатын , ең көлемді эпикалық шығармасы: (Қарасай -Қази)
М.Мөңкеұлының ноғайлы жұртының аңыздарын баяндайтын жыры: (Қарасай –Қази)
Орақ батыр , Ақмырза , Кәрібоз , М.Мөңкеұлының қай шығармасынан кездеседі ?: (Қарасай -Қази)
М.Мөңкеұлының жырында жастай жетім қалған батыр –ұландар :( Қарасай мен Қази ) ( Елге жау шапқан кезде Қарасай 17 , Қази 15 –те болған).
М.Мөңкеұлына қатысы жоқ қатар :(«Қырымның қырық батыры »жырының авторы Абыл Тілеуұлы ).
«Түре айтыс» , «Сүре айтыс » түрін шебер меңгерген зар заман ақыны: ( Мұрат Мөңкеұлы ).
Түре айтыс –бір –бір ауыз өлеңмен қысқа да шапшаң жауаптасып отыратын ,көбінесе ақындармен қатар , жалпы көпшілік қолданатын қатар .Сүре айтыс- тек суырыпсалма өлеңге әбден
төселген,нағыз ақындардың ,ұзақ сөйлеп ,көсіліп жырлайтын түрі.
Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаз болған ақын :( Мұрат Мөңкеұлы ).
Мұрын жырауға 14 батырдың жырын үйреткен.
Мұрат ақынның үзіндісіндегі көркем сөздер:
Жылы қылып сөйлейін ,
Жазғы желдің лебіндей :( Эпитет , теңеу.)
Мұрат Мөңкеұлының отарлаушыларды батыл әшкерелеген өлеңі :(«Үш қиян» , «Сарыарқа», «Әттең , бір қапы дүние –ай!»)
М.Мөңкеұлының «Үш қиян » толғауында сөз болған жер –су атаулары: (Батыс Қазақстан өлкесі Атырау аңғары , Ойыл , Қиыл ,Жем , Сағыз.)
М.Мөңкеұлының толғау –дастандары :(«Қарасай –Қази », «Қазтуған »,«Шәлгез»).
М.Мөңкеұлының өз заманының әр түрлі адамдарының бейнесін жасаған арнау өлеңдері: («Айжарыққа », «Қарақожа болысқа » , «Естемір Тұрабай болысқа ») .
М.Мөңкеұлының айтыстарының ерекшелігі :(Түре айтыста да , сүре айтста да үздік шығуы,Халық атынан сөйлеуі.)
Достарыңызбен бөлісу: |