( А.Байтұрсынұлы)
А.Байтұрсынұлының 1911, 1914, жылдары 2 рет басылған өлеңдер жинағы: (“Маса”)
А. Байтұрсынұлы өлеңінің символы :(“Маса”)
А.Байтұрсынұлының жұртшылықты оқуға , өнер- білімге рухани көтерілуге шақыру, мәдениетті уағыздауға, еңбек етуге үндеу түріндегі жинағы : (Маса)
А.Байтұрсынұлының “Маса” жинағы қандай кітап ? (Қоғамдық ойлар, азаматтық идеядар айтылған өлең кітабы)
*** А. Байтұрсынұлының “ Маса” жинағын шығарудағы мақсаты (Ұйықтап жатқан халқын маса болып ояту ; Халықты отаршылдыққа қарсы шақыру)
А.Байтұрсынұлының “Маса” жинағына енген өлеңдерінің басты сарыны: (Бостандық арманы ); (және ел тағдыры , халық қамы)
А.Байтұрсынұлының “Бұл күйге бүгін емес , көптен кірдік” деген өлең тармағында аңғарылатыны : ( Отарлау тарихы)
“Жарқырап бостандықтың таңы атпай тұр ,
Түңерген төбемізден бұлт арылмай ,”- деп Ахмет бұлтқа теңейді: (Отаршылдықты)
“Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса ,
Сап- сары аяқтары ұзын маса...”-қай ақынның өлеңінен алынған тармақтар : (А. Байтұрсынұлы)
“ Пәленің түрін көрген мен - сары маса
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан ,” – деген үзінді Ахметтің қай шығармасынан ? ( “Маса”)
А.Байтұрсынұлының” Маса “жинағына енген өлеңі : ( “Қазақ салты “)
“Алаштың адамының бәрі мәлім ,
Кім қалды таразыға тартылмаған ?”Үзінді А.Байтұрсынұлының қай өлеңінен ? ( “Қазақ салты”)
А.Байтұрсынұлының” Қазақ қалпы” өлеңінде елдің күңгірт болашағын салыстырды: (Ескексіз қалқып жүрген қайықпен)
“Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ,
Жел соқса ,құйын қуса ,жылжи беру,
Болғандай табан тірер еш нәрсе жоқ,”-деген үзіндінің авторы : (А.Байтұрсынұлы “Қазақ қалпы”)
“Қинамайды абақтыға жапқаны ,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны,
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз аулымның иттері үріп , қапқаны,”- деген үзіндінің авторы :
Достарыңызбен бөлісу: |