1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет110/163
Дата20.02.2023
өлшемі475,11 Kb.
#169474
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   163
Байланысты:
Көк кітап.
ТСИ БС, Сит. задача (1), есеп 3, Ашык сабак 8 сынып, 42 әріп
Ғабит Мүсірепов
"Ғабит Мүсірепов - ардақты ат! … Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ,Мүсіреповпен мақтануымыз керек. " (З. Қабдолов)
Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңа жол ауылы.
Алғашқы туындысы: "Тулаған толқында" (1927-1928).
Әңгімелері: "Қос шалқар", "Талпақ танау", "Шұғыла", "Автобиографиялықәңгіме", "Этнографиялық әңгіме", т. б. Ана туралы әңгімелер;
Романдары: "Қазақ солдаты" ("Қазақ батыры, 1945), "Оянған өлке" (1953), "Жатқолында" (1984); "Ұлпан" повесі (1974), "Кездеспей кеткен бір бейне" (1968)поэмасы,
Драмалары: "Қыз Жібек", "Амангелді" (Б.Майлинмен бірге), "Қозы Көрпеш-Баянсұлу", "Ақан сері-Ақтоқты", "Болашаққа аманат";
Кітаптары: "Суреткер парызы" (1970), "Заман және әдебиет" (1982). т. б.1974 жылы "Социалистік Еңбек Ері" атағы берілді.
1)Ғ.Мүсіреповтің туған өлкесі:(Солтүстік Қазақстан облысы) (Жамбыл ауданы,Жаңажол ауылы)
2)Ғ.Мүсіреповтің әкесінің аты: (Махмұт)
3)Ғ.Мүсіреповтің білім алу жол (дар)ы: (Қостанай облысының Обаған болысындағы екіжылдық орыс мектебіне оқуға түседі; Бекет Өтетілеуовтің көмегімен Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге қабылданады;1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға алынады)
4) Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде оқыған қаламгер: (Ғ.Мүсірепов)
5) Ғ.Мүсірепов жұмысшы факультетіне (рабфакқа) оқуға түскен қаласы: (Орынбор)
6) Ғ.Мүсірепов Орынбордағы рабфакқа оқуға түскен жылы: (1923)
7) «1923 жылы күзге қарай Сәбит мені Орынборға әкелді. Әкем оқуға кетуіме қарсылық жасап еді, Сәбит көп күш салды,»-деп жазған жазушы Ғ.Мүсірепов):
8) Қазақ халқын ашаршылыққа ұшыратқан қасіретті 1932 жылы туралы жоғары орынға ашық хат жазған неше азамат: (бес) (Ғ.Мүсірепов,Алтынбеков,Гатауллин,Қуанышев,Дәулетқалиев)
9) Ғ.Мүсіреповке тән мінез –сипат: (ақиқатты ашық айтып,азаматттық қалпынан жазбаған әділ адам)
10) «Биағаң халық жауы болса,менде жаумын» деген қайсар сөздің авторы:(Ғ.Мүсірепов)
11) «Ара-Шмель» журналының бас редакторы болған қаламгер: (Ғ.Мүсірепов)
12) Ғ.Мүсірепов 1956-1966ж.ж. бас редакоры болып қызмет атқарған журнал: ( «Ара-Шмель»)
13) Ғ.Мүсірепов аралаған шетелдер: (Жапония,Египет,Алжир,Италия)
14) «Суреткер парызы» атты кітаптың авторы: (Ғ.Мүсірепов)
15) Қазақ жазушыларының арасында Социалистік Еңбек Ері атағын алған бірден бір жазушы: (Ғ.Мүсірепов, 1974ж.)
16) «Автобиографиялық әңгіменің» авторы: (Ғ.Мүсірепов)
17) Атекем атты кейіпкері бар Ғ.Мүсірепов шығармасы: ( «Автобиографиялық әңгіме»,1956ж.)
18) Ғ.Мүсірепов (Автобиографикалық әңгімесінде) өзінің алғашқы ұстазы ретінде атайтын жазушы: (Бекет Өтетілеуов)
19) Ғ.Мүсіреповке әдебиетті сүйіп өсуге ықпалын тигізген ұстаз ақын: (Бекет Өтетілеуов)
20) ***Ғ.Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесінде» сөз етілетін оқиға(лар):(*Мұғалімі Бекет Өтетілеуов кез келген істі таза қолмен істеуге үйреткен)
21) Берілген үзінді Ғ.Мүсіреповтың қай шығармасынан “…Келер жылы Бекет Өтетілеуов өз атынан өтініш жазып, мені Преснегорьковская стансасындағы жоғары бастауыш мектебіне түсірді. Орысшадан екі алып, есептен бес алып түстім...” (“Автобиографиялық әңгіме”)
22) Бекет Өтетілеуов XXғ. басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырған? (Аудармашылықты)
23)***Ғ.Мүсіреповтің 1925 жылы “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған әңгіме(лер)”і:(*”Едіге”)
24)Ғ.Мүсіреповтің қабырға газетіне жазған әңгімесінен повеске айналған туындысы :(“Тулаған толқында”)
25)Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш көлемді шығармасы :(“Тулаған толқында”)
26) Ғ.Мүсіреповтің “Тулаған толқында” бейнеленетін бір оқиға(1916 жылғы дүрбелең кезіндегі ауыл тірлігі)
27)Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінің» жазылу ерекшелігі: (Диалогпен жазылған)
28) Ғ.Мүсіреповтің екі түрлі сезімді, екі түрлі өмірді басынан кешіргенін тебірене баяндайтын шығармасы: (« Қос Шалқар»,1928ж.)
29) Ғ.Мүсіреповтің 1930 жылдың бас кезінде жазған әңгімесі: ( «Қос Шалқар»)
30)Ғ.Мүсіреповтің колхоз өмірінің бұралаңын бүкпей, ашып айтқан шығармасының бірі: (« Қос Шалқар»)
31) Ғ.Мүсіреповтің мал шаруашылықты аудандарды коллективтендіру және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру көрініс тапқан әңгімесі: ( «Қос Шалқар»)
32) Ғ.Мүсіреповтің колхоздастыру кезеңіндегі қиыншылықтарды, таптық күресті суреттеген шығармалары: (« Көк үйдегі көршілер», «бір адым кейін екі адым ілгері»)
33)Ана тақырыбына айрықша көп қалам тартқан жазушы: (Ғ.Мүсірепов)
34)Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбына жазған әңгімесі: («Ақлима»)
35) Ғ.Мүсіреповтің әйел-ана атымен аталатын әңгімесі : (« Ақлима»)
36) Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімесіндегі мүгедек жігітті өз баласындай күтіп баққан ана образы : (Ақлима)
37) Жалпақ балуан деген кейіпкер кездесетін Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімесі :( «Ананың анасы»)
38)Әйтілес қарт , Жалпақ балуан деген кейіпкерлері бар шығарма: (« Ананың анасы»)
39)Ғ.Мүсіреповтің әңгімесі: («Ананың анасы»)
40)Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесінің кейіпкері: (Кейкі батыр)
41)*** Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесінің кейіпкеріне тән сипаттама : (*Барымтаға түсіп,күңдікке сатылған жан;*40 жігіттен қаймықпай қызын құтқарып алған жан)
42)Антонов,Нағима-Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасының кейіпкерлері? («Ананың арашасы»)
43)Ғ.Мүсіреповтің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің шындығын суреттеген, ана бейнесін сомдаған әңгімесі: («Ашынған ана»)
44) Ғ.Мүсіреповтің «Ашынған ана» әңгімесі қандай оқиғаға негізделген? (1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына)
45)Ғ.Мүсіреповтің «Ашынған анасының» кейіпкері:( Қапия);
46)Қапия ана-Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасының кейіпкері? («Ашынған ана»)
47) Ғ.Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкер:(Наталья)
48) Ғ.Мүсірепов жасаған әйелдер бейнесінің ерекшелігі: (Қайратты,қуатты,жеңімпаз әйелдер)
49)Ғ.Мүсіреповтің М.Горькийден аударған әңгімесі: («Адамның анасы»)
50) Ғ.Мүсірепов М.Горькийдің қандай новелласын аударған?(«Өлімді жеңген ана»)
51) Ғ.Мүсіреповтің Горькийден аудармасы: («Адамның анасы»; «Өлімді жеңген ана»)
52) Ғ.Мүсіреповтің М.Горький шығармаларының ізімен жазылған шығармасы: («Ана кесімі айнымайды»)
53) Ғ.Мүсіреповтің 1932 жылдың сұмдығы мен қулығын әшкерелеген шығармалары// Ғ.Мүсіреповтің аш-жалаңаш өмірді, ащы да ауыр шындықты көрсететін әңгімелері : («Талпақ танау», «Шұғыла»)
54)Ғ.Мүсіреповтің жазушылық мәнерін , азаматтық тұлғасын танытқан шығармасы: («Шұғыла»)
55) «Шұғыла» әңгімесінің авторы: (Ғ.Мүсірепов)
56)Ғ.Мүсірепов «Шұғыла әңгімесінде шұғыла деп айтқан: (Қардан жасалған «аққаланы»)
57)Ғ.Мүсіреповтің ашаршылық жылдарына байланысты жасалған батыл шығармасы: («Шұғыла»)
58)Ғ.Мүсіреповтің «Шұғыла» әңгімесінде Қостанайдан ат арбамен шыққан адамдардың елсіз даланы он төрт күн кезіп келе жатқан себебі: (Ашаршылыққа ұшырағандарға көмекке келеді)
59)Ғ.Мүсіреповтің 1932 жылғы ауыр шындықты астарлап жеткізген шығармасы: («Шұғыла»)
60)Ғ.Мүсіреповтің «Шұғыла» атты әңгімесі жарияланған жыл: (1933 ж.)
61) Ғ.Мүсіреповтің әңгімесі: («Талпақ танау» , 1933 ж.)
62) Ғ.Мүсіреповтің «Талпақ танау» әңгімесінде суреттелген оқиға: («Бесінші түлікпен» келген зорлық-зомбылықты әзіл арқылы әшкерелейді.)
63) Ғ.Мүсіреповтің әзілдей отырып, 1932 жылдың сұмдығы мен қулығын әшкерелейтін әңгімесі: («Талпақ танау»)
64) Есен қай шығарманың кейіпкері? («Талпақ танау»)
65)Cәден ,Есен - Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасының кейіпкерлері: («Талпақ танау»)
66) «Бесінші түлікпен келген зорлық-зомбылық , әпербақан содырлықты-дәуір шындығы жайлы өзгеге ұқсамай, айғайлап шала бүлінбей , өнердің өз тілімен бейнелеп шыққан» деген пікір Мүсіреповтің қай шығармасы туралы? (Талпақ танау»)
67) Ғ.Мүсіреповтің колхоз өмірінің бұралаң-бұлтарысын бүкпей ,ашып айтқан шығармасы: («Алғашқы адымдар»)
68) Ғ.Мүсіреповтің 1950-70 жылдар аралығында жазған шығармасы: («Өмір жорығы»)
69) Ғ.Мүсіреповтің тарихи тақырыпқа жазылған шығармасы («Ер Қаптағай»)
70)Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсіреповтің шығармасы: («Боранды түнде»)
71) «Боранды түнде» әңгімесіндегі Қайсардың тұлпарының аты: (Күрең төбел)
72) «Боранды түнде» әңгімесінде жеңгесінің балаға «Інішегім» деп ат қойған себебі: (Жақын тартып, інісіндей көргендіктен)
73) Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесіндегі баланың есімі: (Баланың есімі аталмайды)
74) Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесінің кейіпкерлері: (Бекберген,Кәмен)
75) Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесінің кейіпкерлері: (Қайсар,Кәмен,Боқмұрын) (Асылхан)
76) Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасында , қай бөлімінде Айко деген есім кездеседі? («Жапон балладасы», Көздің әңгімесінде)
77) Ғ.Мүсіреповтің роман(дар)ы: («Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан»)
78) Ғ.Мүсіреповтің проза жанрындағы алғашқы күрделі еңбектерінің бірі: («Оянған өлке»)
79) «Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем шығар. Әсіресе осындай дау-жанжалдың арасында жүретін езіп-созып , тіпті ұзақ амандасады. Мал-жан ,ауру-сырқау,ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады..»-деген жолдары бар халықтық дәтүрдің небір ғибратты үлгілерін сипаттайтын Ғ.Мүсіреповтің шығармасы: («Оянған өлке» романы,1953 ж.)
80) «Тағы да таласып келіп, тағы да тақасып келіп қонып жатқан екі бай ауыл ақ үйлерін әлі тіккен жоқ еді..»- деген жолдармен басталатын Ғ.Мүсіреповтің романы: («Оянған өлке»)
81)Жұман, Игілік, Рязанов, Ушаков атты кейіпкерлері бар шығарма: («Оянған өлке» романы, Ғ.Мүсірепов)
82) «Оянған өлке» романындағы бір-бірімен бақталас қазақ байлары : (Жұман мен Игілік )
83) Ғ.Мүсіреповтің Игілік, Жұман ,Күреңкүз қожа деген кейіпкерлер кездесетін шығармасы: («Оянған өлке»)
84) «Оянған өлке» романындағы Игілік биге зәулім үй салып берген қызметші: (Сандыбай)
85) «Оянған өлке» романындағы Игілік қандай кейіпкер? (Өмірді ақшамен өлшейтін үлкен есептің адамы,дініне берік үстем тап өкілі)
86) «Оянған өлкеде» ақ түтек боранда үйір-үйір жылқысымен бірге Жұман байдың жарқабақтан көк мұзға құлап өлуі қандай символдық белгіні сипаттайды? (Жұмандар тіршілігінің күйреуі)
87) Ғ.Мүсіреповтің шығармасы , «Оянған өлке» романының жалғасы: («Жат қолында»,1984ж.)
88) Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» шығармасының бірінші кітабының аты: («Оянған өлке»)
89) Ғ.Мүсіреповтің роман жанрының қалыптасуына үлес қосқан шығармасы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет