Доспамбет жырау (ХVІ ғ.)
Доспамбет жыраудың туған жері: (Азау)
Доспамбет жырау өмір сүрген ғасыр: (XV-XVI ғ.ғ.)
Доспамбеттің жерленген жері: (Астрахань)
Доспамбеттің ақындық шығармашылығын зерттеуші: (М.Мағауин)
Доспамбет өз толғауларында өзін қалай таныстырып отыратындығы: (Ер Доспамбет)
Доспамбеттің өміріне қатысты сипат: (Мамай бидің тұсында қол бастаған жырау)
«Айналайын, Ақ Жайық» деген өлеңінде туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын жырға қосқан жырау: (Доспамбет)
«Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?» - деп жырлаған жырау: (Доспамбет)
«...Аймадетке оқ тиді, Отыз екі омыртқаның буынынан. Зырлап аққан қара нан,
Тыйылмайтын жанның уақ тамырынан...» - деген үзінді: (Доспамбеттікі)
«Арғымаққа оқ тиді, Қыл майқанның ..., Аймадетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан», - өлеңнің тармағының жалғасы: (түбінен)
«Қарағайлы кәдік бойында, Қамшым қалды ойында: Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің терісі, Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы – алтын, сабағы – жез...» - деп қамшыны сипаттағанжырау: (Доспамбет жырау)
«Алғаным Әли ағаның қызы еді, Қас арудыңөзі еді. Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген», - деген жолдардың авторы: (Доспамбет)___«Арыстандай_екі_бұтын_алшайтып,___Арғымақ_мінген_өкінбес...»_Осы_үзіндінің_авторы:_(Доспамбет)'>(Доспамбет)
«Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес...» Осы үзіндінің авторы: (Доспамбет)
«Екі арыстан жау шапса, Оң қылқандай шаншылса, Бетегелі Сарыарқаның бойында,
Соғысып өлген өкінбес!» - деген шумақ кімнің өлеңінен алынған? (Доспамбет жырау)
«Алаштан байтақ озбаса», «Күн қайда толғауларының авторы кім? (Доспамбет)
«Доспамбет жыраудың өлеңі: («Айналайын, Ақ Жайық») («Күн қайда?»)
Зерттеушілердің пікірінше, Доспамбет жырау «Айнала бұлақ басы тең» толғауын шығарған мезгілі: (Өмірінен қоштасар сәтте)
«Тәңірінің өзі берген күнінде Хан ұлынан артық еді менің несібем!
Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді!» - деген шумақ қай жыраудың шығармасынан алынған? (Доспамбет)
Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасы: («Қоғалы көлдер, қом сулар»)
«Еділдің бойынан ен жайлап, шалғынға бие біз байлап...» деп, еліне тыныштық, бейбіт күн іздеген жырау: (Доспамбет)
«Озушылар, озбаңыз, Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз. Бізім бетке барсаңыз, Есақай, Қосай екі ұл, Алдыңызға жыр құнақтай, Жылай шықса не айтарсыз?» (Доспамбет соңғы сөзі)
*** Талай жорықтарға қатысқан жауынгер жыраулар: (Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді)
*** Доспамбеттің толғаулары: («Айналайын, Ақ Жайық», «Айнала басы бұлақ тең», «Қоғалы көлдер, қом сулар»)
*** Доспамбет жырау толғауынан алынған үзіндідегі көркемдік тәсіл(дер):
«Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым, өкінбен. Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен...» (Аллитерация, Қайталау)
Достарыңызбен бөлісу: |