Жиембет жырау Бортағашұлы (ХVІІ ғ.)
XVII ғасырда Есім ханның тұсында өмір сүрген әрі әскер басы, әрі ақын болған жырау: (Жиембет)
Жиембет жырау кім болған? (Әскербасы әрі әйгілі ақын)
Жиембет жыраудың қыс жайлауы қай жерде? (Жем – Сағыз бойында)
«Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай мен қайындай», - деп өзі жайлы жырлаған ХVІІ ғасыр жырауы әрі әскербасы: (Жиембет)
Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүрген? (Есім ханның)
Қай ханның тұсында Жиембет айдауға жіберілген? (Есім ханның)
Ханға қарсы тұрғаны үшін елінен айдалғанХVІІ ғасыр жырауы: (Жиембет)
Жиембет жырау:
«Хан ие, ісің жол емес,
Жолбарыстай Жиембет,
Құрбандыққа қол емес», - деген жолдарды айтқан өлеңі: («Әмірің қатты Есім хан»)
«Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есімі сені есірткен
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін», - деген жолдардың авторы: (Жиембет)
«Білік салып бұйырдың,
Қанын ішіп қаңбаққа,
Жанын отқа салмаққа...
Хан ие, ісің жол емес», - деп Жиембет жырау айтқан: (Есім ханға)
«Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің», - деп Жиембет әшкереледі: (Есім ханды)
«Бас кессе де басылмай,
Ақ ісімді жасырмай,
Атқа мінген ер едік», - деген жолдарды хан, әкімдерге бас имеген Жиембет жырау қай ханға арнаған? (Есімге)
«Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін», - деген өлең дегі ақын ойы: (Опасыз хан қылығына қарсы үн қату)
Жиембет жырау:
«Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,
Кешегі өзің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай ...» - деген өлең шумағын айтқан: (Есім ханға)
Достарыңызбен бөлісу: |