Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,Қаратау-Қарнақ жері.
Қайтыс болған жері: Қарағанды облысы, Шет ауданы.
Шығармалары:«Зар заман», «Тар заман», «Бала зары», «Опасыз жалған», «Заман қайтіп оңалсын?», «Замана» , «Келер заман сипаты », «Осынша азды ел неден?», «Байды құдай атқаны», «Қалықтаған сұңқар ем», «Атамыз адам пайғамбар», «Жарлының жаны берік-ті», «Насихат»,т.б.
Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдары: (1818-1881)
Шортанбай Қанайұлының туған жері : (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,Қаратау-Қарнақ жері).
Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарын: (Қазақ даласына келген сауданы айыптау,елдің ақшаға құнығуын сынау)
Шортанбай Қанайұлы қазақ халқын тәуелсіздіктен айыра келген қай саясатқа қарсылық білдірген? (Отаршылдыққа )
Шортанбай Қанайұлының шығармаларында қатты сынға ұшырайтындар: (Орыс патшасы,жандарлар,майырлар)
Шортанбай Қанайұлының билікке таласқан ағайындас адамдарды теңеген: (Бірін-бері талаған ұялас қасқырға)
«Атамыз адам Пайғамбар» толғауының авторы: (Ш.Қанайұлы)
«Опасыз жалған» өлеңінің авторы : : (Ш.Қанайұлы)
Ш.Қанайұлының өлеңі: («Жарлының жаны берік-ті»)
«Келер заман сипаты» толғауының авторы: (Ш.Қанайұлы)
Ш.Қанайұлының ең танымал туындысы: («Келер заман сипаты»)
«Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторы:(Шортанбай)
«Бір насихат айтайын» өлеңінің авторы: (Шортанбай)
«Арқадан дәурен кеткен соң Қуғындап орыс жеткен соң
Тіпті амал жоқ қазақтар, Енді сенің торыңа... Байлар ұрлық қылады,»- деген тармақтар алынған Ш.Қанайұлының шығармасы: («Зар заман)
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңі неше түйдектен тұрады? (14 түйдектен)
«Асылық азған заманда,А луан-алуан жан шықты. Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты,»- деген өлең жолдарындағы айтылған ой: («Қазақ даласына келген сауда»)
«Шолақ аттай діңкілдеп, Бір-біріне жетем деп, Аласұрып өліп жүр,» деп саудагрелерді сынаған ақын: (Шортанбай)
«Еділ ,Жайық екі су, Алтын,күміс тас болар. Арпа,бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да, Қарап та жүріп қас болар,» -деген үзінді алынған Шортанбайдың өлеңі: («Замана»)
«Бай кедейді көрмейді , Кедей байға ермейді. Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді,»- деген үзіндіде Ш.Қанайұлының айтатын ойы: (Қазақ ауылындағы тап жігінің ашылғандығы)
«Көшейін десең, жерің тар, Қамалып қазақ сандалды.» Үзінді алынғын Шортанбайдың өлеңі: ( «Заман қайтіп оңалсын»)
Шортанбайдың кедейлердің отырықшылыққа көше бастағанын, жермен кәсіп ете бастағанын суреттеген өлеңі: («Байды құдай атқаны»)
Кәпірді көрдің тіріңдей, Тілмашты көрдің жеңгеңдей. Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда Қазылған қара көріңдей!...Үзінді авторы мен өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл: (Ш.Қанайұлы, теңеу)
«Әркімнен қалады екен дүние шіркін, Өтіңіз тәубе қылып аз жалғанда,»- деген үзіндіні қай ақынның шығармасынан алынған? (Шортанбай)
Ш.Қанайұлының «Қалықтаған сұңқар ем» өлеңі не жайында? ( Оғаш мінез-құлықты мінеп,сынайды)
Шортанбай Қанайұлы өмірінің соңында қай бидің қолында болған?Жанғұтты би
Шортанбай өлеңдері : («Тар заман», «Осынша азды ел неден?» «Зар заман»)
Достарыңызбен бөлісу: |