Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы;
Өлеңдері: «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу» , «Бұлбұл», «Жылдың төрт мезгілі», т.б.
Жырлары: «Зархұм» үлгісінде «Абдолла бала» жыры, «Тотынаманың» мазмұны
Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір сүрген кезеңі: (1835-1898)
Майлықожаның «Қырғыз хрестоматиясына» енген өлеңі: («Ноғай мырзаға»)
Майлықожаның бірнеше толғаулары енген «Қырғыз хрестоматиясы» қай жылы жарық көрген? (1883ж Ташкентте)
Майлықожа шығармаларының негізгі идеясы: (Адамгершілікті дәріптеу)
«Абдолла бала» жырының авторы: (Майлықожа «Зархұм» үлгісінде )
Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауы: («Ілімге толса көкірек»)
«Жақсы адам қартайса» толғауын жазған ақын: (Майлықожа)
дастан –мысалдары: («Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Қасқыр», «Тотынама», «Шора батыр»)
Майлықожаның өлеңі: («Райымқұлға»);(«Ноғай мырзаға»)
«Ақ тұйғын келіп ілінер, Алдын жайып тарласа , Арғымақ атта жығылар
Алдын қағып торласа,»-деген Майлықожаның өлең үзіндісіндегі көркемдік ерекшелік: (Ассонанс)
Зар заман ақындары
Дулат Бабатайұлы (1802-1871)
«Дулат –жыраулық мектептен шығып,ақындық мектепті күшейткен ақын.»
«Дулат-қазақтың ұлы ақыны,ұлылықтың бастауы.» (Р.Сыздықова)
Туған жері : Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Аягөз ауданы.
Шығармашылығы: «Бірінші сөз», «Бараққа», «Ақтанға», «Сүлейменге», «Айтқызбасымды айтқыздың», «Алладан сұрап иманды», «атаны бала алдады», «тегімді менің сұрасаң», «Ата қоныс арқадан», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Сауыр жерден айрылып»(Аягөз қайда барасың?), «О,Сарыарқа , Сарыарқа»,т,б өлеңдері , «Еспембет» поэмасы .
Дулат Бабатайұлы –қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті өткір сынаған реалистік бағыттағы ақын. Өлеңдері ,негізінен, саяси әлеуметтік лирикаға жатады.
Өлеңдерінде ақыл-нақылдық сарын көптеп кездеседі, шыншылдық,сыншылдық , өткір сатира астасып жатады. Д.Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын: «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық », «Қара қарға » т.б.
Д.Бабатайұлы өлеңдері «Өсиетнама » деген атпен Қазанда 1880 ж басылып шыққан. Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жолдай делінеді.
Абай өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттысы кім деп көрсеткен? (Дулат )
Дулат Бабатайұлының өмір сүрген уақыты: (1802-1871(кей деректе 1874);
Д.Бабатайұлының өлеңдері ,негізінен, қай лирикаға жатады? ( Саяси-әлеуметтік лирикаға )
Дулат поэзиясының алтын өзегі : (Отарлық езгіге қарсы күрес)
Дулаттың автомінездемесі берілген өлеңі: (Айтқызбасымды айтқыздың);
Д.Бабатайұлының туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қимас сезімін шабыттана жырлаған өлеңі: («Бірінші сөз»)
«Ел бүлдірген бегіңді ,
Улы тілмен улаттым,»-деп жырға қосқан зар заман ақыны: (Дулат)
Бөдене емей немене?-деп береке-бірлікті сақтауға шақырған ақын: (Дулат Бабатайұлы)
Д.Бабатайұлының ел әкімдерін уытты тілмен өлтіре сынаған өлеңі: («Тегімді менің сұрасаң»)
«Менің атым-Байғыз қарт, Көзге түсер сиқым жоқ»,- деп жырлаған ақын: (Дулат Бабатайұлы
Достарыңызбен бөлісу: |