1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеген батыр – жазушы: / М.Ғабдуллин/



бет7/163
Дата20.02.2023
өлшемі475,11 Kb.
#169474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   163
Байланысты:
Көк кітап.
ТСИ БС, Сит. задача (1), есеп 3, Ашык сабак 8 сынып, 42 әріп
3.Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеген батыр – жазушы: / М.Ғабдуллин/
4.Қазақ фольклоры саласында еңбектер жазған: / С.Сейфуллин/
5.Ауыз әдебиетін 5 топқа бөліпжіктеген ғалым:- / А.Байтұрсынұлы/
6.Халық ауыз әдебиетінен байқалатын негізгі сарын: /Қиыншылықты жеңіп,жақсы өмір сүруге үндейді./
Тұрмыс –салт жырлары
Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан 5 түрге бөлінеді:
1/ Төрт түлік малға ,еңбекке ,аңшылыққа байланысты туған шығармалар және Наурыз жырлары;
2/ Баланың дүниеге келуіне ,есейіп ер жетуіне байланысты туған шығармалар /шілдехана өлеңдері,бесік жыры,тұсау кесу жыры,атқа мінгізу тойы/;
3/ Үйлену салтына байланысты өлең жырлар /тойбастар,жар-жар,беташар,сыңсу/;
4/ Көңіл-күйді білдіретін өлең- жырлар / қоштасу,естірту,көңіл айту,жоқтау/
5/ Бата-тілектер.
*Тұрмыс- салт жырларының басы түрлері /Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған және әдет- ғұрыпқа байланысты туған өлең жырлар/
*Әдет –ғұрыпқа байланысты туған өлең : / Лирикалық жанр/
* «Бақыт іздеп,ғасырлар бойына сахараны шарлап шарқ ұрған мұңдар жолаушы – қазақ халқы,»- деген пікірдің иесі : / М.Әуезов/
* Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең жырларға жататындар: / наурыз жыры, төрт түлік мал мен жануарлар және аңшылық туралы өлең жырлар/
*Қазақтың ертедегі күнкөріс кәсібі: / Төрт түлік мал/
* Халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі жайлы шығарылған өлең түрі: /төрт түлік малға, еңбекке байланысты туған жырлар /
* «Бақташының сөзі» деген халық өлеңінің негізгі тақырыбы:/ әр түлікті бағып –қағудың қиындығы,өзіндік ерекшелігі/.
* «Малдың баласын сүюі» не үшін айтылған? / Адамның малды бағалауы үшін/
Жылқы жылы жыл санауда нешінші ретте? / Жетінші /

  • Аңшылық туралы өлең-жырлардағы сұлулықтың,әдеміліктің символы:/ Аққу мен ақбөкен /

Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең –жырлар: /Аңшылық туралы өлең – жырлар/ Қазақ арасында аса дәріптелетін аңшылық түрі: / Мергеншілік/

  • «Наурыз жырының» ауыз әдебиетінде жататын жанры: / Тұрмыс –салт жырлары/

  • «Наурыз жыры» тұрмыс-салт жырларының қай түрі? /Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған жырлар/

  • Тұрмыс –салт жырларының қатары: /Бата –тілек,жоқтау/

  • Этнограф- фольклорист ғалым А.В.Васильев тұрмыс –салт жырларының қай түріне қатысты пікір айтқан?/ Бата/

  • Бата –қазақ поэзиясының ерекше түрі,онда бата беруші адамның үй иесіне деген шын жүректі жарып шыққан ықылас,пейілі,ақ ниеті, Алладан тілер тілегі поэзия түрінде ақтарыла айтылады,- деген пікір иесі: / А.Васильев/

  • Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып,тысқа семіз асау құнантайды көлденең ұстап тұрып,қонақтардан не күтті? ( Бата «Абай жолы»)

  • Тойбастар аяқталады: /Бата беріп,жақсы тілекпен/

  • Қазақтың үйлену салтынан туған айтыс өлең: /Жар-жар/

  • Жар-жардың көркемдік ерекшелігі құрылған: /Психологиялық параллелизмге/

  • Ұзатылатын қыздың ел-жұртымен қоштасарда элегиялық сарындағы өлең жыры: /Сыңсу/

  • Беташардың «Айт,келін» бөлімінің мазмұны мен мәні: /жас келіннің отбасы мүшелері мен үлкендерді, жора – жолдастар мен қонақтарды сыйлау ғұрпы/

  • Жоқтау,сыңсу- лирикалық жырлар.

  • «Абай жолы» романында Тәкежанның баласы Мақұлбай қайтыс болғанда Абай жоқтау айтқызған адамның есімі:/Әйгерім/

  • Бөжейді жоқтайтын: /Сары апа / «Абай жолы» /

  • Уа,алатаудай Ақшадан

  • Асып тудың Бөгенбай – деп жоқтау айтқан жырау: /Үмбетей/

  • Алғадай деген баласына жоқтау жыр арнаған ақын: /Жамбыл/

  • «Аққу ұшып көлге кетті, Ақсұңқар ұшып шөлге кетті-деп Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін жұмбақтап естірткен: /Тазша/ / «Қозы Көрпеш- Баян сұлу/

  • «Сол ерлікпен хан болдың, Әлем асқан жан болдың... –деген өлең жолдары:/Үмбетейдің Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуі/

  • Түңлігімнің төрт бауы мақта,ата,

  • Мен кеткен соң балаңды жоқта ,ата.

  • Жыл айналып сағынып мен келермін,

  • Боз інгеннің ботасын сақта,ата.» /Қайым айту/-өлең тармақтарының буын саны : / 11

  • Ауыз әдебиетінің түрлері:/эпикалық жырлар,жұмбақ,шешендік сөздер,ертегі,тұрмыс-салт жырлары,мақал-мәтелдер/

  • Тұрмыс-салт жырларының түрлері: /бата-тілек,тойбастар,беташар/

  • Үйлену салтына байланысты туған өлең -жырлар: /Беташар,тойбастар,жар-жар/

  • Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар: /Естірту,жоқтау,қоштасу/

  • Халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалар: / Бата –тілектер,көңіл-күйді білдіретін өлең жырлар,наурыз жырлары/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет