«ЖиһанкезСиндбадтың жеті сапары» ертегісі қай халықтың туындысы? (Араб)
Қиял ғажайып ертегілер:(«Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», «Алтын сақа»), (Үш өнерпаз)
Шыншыл ертегілер(«Аяз би», «Қырық өтірік»)
Қазақ ертегілерінің түрлері:(«Хайуанаттар жайлы ертегі, Қиял -ғажайып ертегі»)
Шыншыл ертегі:( «Атымтай Жомарт»,) («Аяз би», «Қырық өтірік»)
Жаман, Меңді сұлу, Ақша хан қай ертегінің кейіпкерлері? («Аяз би») : (Шыншыл бейне)
Асқан ақылымен ел билеп, хан тағына отырып, кедей кезіндегі киімдерін төрге іліп қойған кейіпкері бар ертегі: («Аяз би»),
(«Аяз би») ертегісінде Мадан ханның құдасы («Ақша хан»)
(«Аяз би») ертегісінде Мадан ханның шыққан тегі:(Наубай)
(«Аяз би») ертегісінде Мадан ханның уәзірлерінің саны: (Қырық)
Жаманға Аяз би деген атты қойған:(Бес ханның елі)
Аяз бидің әйелінің аты (Меңді)
(«Аяз би») ертегісіндегі Жаманның пікірінше шөптің, құстың жаманы: (Қара қоға мен сауысқан); (Уәзірлердің пікірінше жантақ пен дуадақ)
Аяз бидің басына бақ әкелген басты үш қасиет:(Өмірлік тәжірибесінің молдығы, зеректік, уәдегеберіктігі)
«Жаман – көптің бірі және айласыз жалқы адам», – деп М.Әуезов айтқан кейіпкер: (Аяз би)
Адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді бейнелі,тұспалды түрде сипаттайтын ертегінің түрі: Хайуанаттар жайлы ертегілер: («Тышқан мен жылан», «Аю, түлкі және қойшы)
«Жерден шыққан Желім батыр» ертегесі ертегілердің қай түрі: («Қиял –ғажайып»)
«Сырттандар» ертегісінде бала шошып оянады? (Қасқырдан)
«Сырттандар» ертегісінде баланы қасқырдан аман алып қалған адам:(Жігіттің сырттаны)
«Ер Төстік» ертегісі Ер Төстік-негізгі кейіпкер: Ерназар- Ер Төстіктің әкесі.Кенжекей – Ер Төстіктің жары. Шалқұйрық –Ер Төстіктің тұлпары. Құба інген –түйесі.
Аңыз-әңгімелер
Аңыз-фольклорлық проза жанры. Онда елдің, тайпа , рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар-хан, батырлар, би-шешендер жайындағы , сондай-ақ нақтылы бір жер –су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте келе өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. Қазақ аңыздарына алғаш назар аударғандар – Ш.Уәлиханов пен Г.Потанин. Дербес жанр ретінде М.Әуезовтің еңбектерінде ғана қарастырыла бастады. Кейіпкерлері: Алдар көсе,
Қожанасыр, Қорқыт, Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш т.б
Достарыңызбен бөлісу: |